Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті


Педагогикалық диагностика -



бет18/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

Педагогикалық диагностика - педагогтың жеке тұлғасын зерттеу нәтижесін талдау процесі және оның әрекетінің және қарым-қатынасын оңтайландыратын нұсқаулар береді.
Психологиялық диагностика – баланың жеке тұлғасының дара ерекшелігін зерттеугде оқыту мен даму проблемаларының пайда болу себептерін, мүмкіндіктерін анықтау.
Педагогтың іс-әрекетінде балалардың жеке тұлғасын зерттеу негізгі орын алады. Бұл зерттеу әрбір баланың психикалық дамуын, қарқынын бақылауға, олардың жеке ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға, топпен жұмысты реттеуге және оқу-тәрбие процесін ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді.балалардың жеке тұлғасын зерттеу жалпы және функциональдық дамуын, психикалық, еңбек және мінез-құлыө жағынан даму қиындықтьарын анықтау үшін қажет.
Педагоикалық диагностика білім беру процесінде туындайтын барлық диагностикалық міндеттерді қамтиды.Ол төмендегі мақсаттарға бағытталуы тиіс:

  • оқу-тәрбие нәтижесін бұрыс бағалау кезіндегі ішкі және сыртқы түзету;

  • оқу-тәрбие нәтижелерін анықтау;

  • оқу-тәрбие процесінің жүйелі кезеңдерін жоспарлау;

  • кейінгі әрекеттеріне мотивация жасау;

  • оқу-тәрбие процесін оңтайландыру;

  • балалар дамуының салытырмалы деңгейін көрсету;

  • белгілі бір ықпалдардың әсерінен даму деңгейінің өзгеруін талдау.

Педагогткалық диагностикада бірнеше кезеңде жүзеге асатын зерттеу жүргізіледі: мәлімет жинау, қорытындылау, Мысалы, бақылауға алынған адамның мінез-құлқы мен оның бұрынғы мінез-құлқын, басқа тұлғаның мінез-құлықты сипаттаумен салыстыру, түсіндіру жасалады.Бұл қолдағы ақпаратты өңдеуден кейінгі сол немесе басқа мінез-құлықты бағалау және мінез-құлықтың ауытқу себептерін анықтау мақсатында талдау жасау үшін керек. Сондай-ақ, басқа жағдайларда немесе болашақта мінез-құлықты алдын ала көруге мүмкіндік беретін болжау да маңызды. Ақырында олардың мінез-құлқының өзгелерге / көбінесе балаларға, ата-аналарына/ хабарлдау немесе кері байланыс көмегімен болашақта олардың мінез-құлқына кері әсер ету керек болады. Нәтижеге қол жеткізе алмағанымызды білу үшін бұл хабарламаларымыздың балаларға ықпал етуін бақылау қажет. Мұндай диагностикалық бағыттағы бағдарламаға сәйкес педагогикалық диагностиканың төмендегі аспектілерін анықтауға болады:

  • зерттеу;

  • мәліметтер жинау;

  • салыстыру;

  • түсіндіру;

  • талдау,

  • болжау;

  • балаларға диагностикалық әс-әрекет нәтижелерін хабарлау.

Топты және жеке балаларды зерттеу фактілерді жинау емес, оның себептерін ашуға бағытталады. Әрбір баланың даму процесін зерттеу оның жыл бойына жүзеге асуы тиіс. Диагностикаға барлық балаларды түгел қамтып, дамудың әрбір параметрі бойынша жүйелілік диагностикасы жүргізілуі қажет. Белгіленген уақытта қайсыбір балаға қатысты бұл бөлуді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда / аурып қалса немесе басқа да себептермен/ ол қандай жағдайда да болмасын жіберілмей, ең жақын уақыт аралағында жүргізілуі керек. Оқу материалдарын игеру және дағдының даму деңгейінің диагностикасы әрбір оқу тақырыбы бойынша жүргізіліп, сондай-ақ балаларды түгел қамту керек.Тек осындай жағдайда ғана диагностикалық іс-әрекет нәтижелері тиімді пайдаланылуы мүмкін. Зерттеу міндеттеріне байланысты қолданылатын әдістер:
-Экспериментті емес /қандай да бір психологиялық ерекшеліктің болу-болмауын білу үшін/.
- Диагностикалық /сандық өлшеу үшін/.
- Экспериментті /психикалық құбылысты түсіндіру үшін/
- Қалыптастырушы /даму мүмкіндіктерін білу үшін/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет