Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет1/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2


  1. ДӘРІС. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті

Жоспар


  1. Болашақ маманға қойылатын талаптар

  2. Педагогтың зерттеушілік және шығармашылық қызметі

  3. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті

Бүгінгі таңдағы қоғамдағы өзгерістер мен ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыты білім беру саласында қызмет ететін мамандарды дайындауға ерекше міндеттер мен талаптар қойып отыр.қазіргі жоғары оқу орындарының алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін өзіндік шығармашылық жұмыстармен байланыстыра отырып дамыту.


Елбасының «инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты Л.И.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған дәрісінде «Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың» армандарға бай және оларды жүзеге асыратын ерік-жігері бар адамдардың уақыты» деп бүгінгі жастарды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өздігімен білім алуға, жаңаны жасауға шақырды.
Басты міндеттердің бірі – студенттердің өздігімен іздену жұмыстары негізінде ғылыми ойлау қабілетін шыңдап, шығармашылыпен жүмыс істеуге дағдыландыру. Болашақ мамандар оқыту-тәрбиелеу процесін өз деңгейінде жүзеге асыру үшін төмендегі қызметті атқара білуі қажет:
1. Тәрбиешілік қызмет – оқыта отырып тәрбиелееу, тәрбие жұмысын жүргізе алу біліктілігі, өзі де тәрбиелі болуы.
2. Оқытушылық қызметі - терең білімді, өз білімін үнемі толықтырып отыра алатын, педагогикалық шеберлікті меңгерген, оқыту нәтижесін алдын ала көре алатын болуы.
3. Зерттеушілік қызмет - алдыңға қатарлы тәжірибелер мен ғылыми теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жаңалықпен танысуы, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін орнымен қолдана алуы қажет. Болашақ мамандардың үшінші қызметті меңгеруі үшін ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстар, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми зерттеу әдістерін орнымен пайдалана білу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда библиографиямен жұмыс істей білу, ғылыми баяндамалар құру, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.
Осы мақсатта «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәні жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет