Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет14/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір – бірімен ауысып барады, сондай – ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына тәуелді келеді.
4. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет