Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет13/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері – зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру.
Зерттеу болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын-ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Егер дұрыс құрылмаған жағдайда дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
Ғылым дамуының заңдылықтарына,сипатына қарай ғылым логикасы саласының өзіндік ерекшелігі бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы. Ғылым, ғылыми теория өзінің зерттейтін затын ұғым мен ой формаларында бейнелейді.Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой-өрісінің барысын, ережесін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар деуге болады.Олай болса ғылымды логикалық тұрғыда талдау мәселесі заңды болып табылады. Демек, ғылымның өзін зерттеу мәселесі қажет екендігі айқындалып отыр.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет