Педагогиканың әдіснамасы (грекше. metodos – зерттеу немесе таным жолы және logos – сөз, ілім) түрлі мағналарда, мәндерде және қырларда түсінілуі мүмкін
Педагогиканың әдіснамасы (грекше. metodos – зерттеу немесе таным жолы және logos – сөз, ілім) түрлі мағналарда, мәндерде және қырларда түсінілуі мүмкін.Ал философиялық энциклопедияда: «Әдіснама – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Жеке ғылымдарға әдіснамалық тірек – диалектикалық материализм» деген тұжырым жасалған. XX ғасыр мен XXI ғасырдың басында педагогикалық әдіснаманың жеке ғылыми бағыт ретінде дамуының іргелі негіздері салынды. Олар:
1) педагогикалық әдіснаманың нысаны мен пәні (П.Ф. Каптерев, А.С. Макаренко, Ф.Ф. Королев, М.А. Данилов, В.В. Краевский және басқалар);
2) педагогикалық әдіснаманың мәні мен ерекшелігі, оның қызметтері және философиядан ұстанымдық өзгешелігі, ғылымдардың жалпы әдіснамасындағы орны (Ф.Ф. Королев, М.А. Данилов, М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, В.Е. Гмурман, В.И. Загвязинский, Г.В. Воробьев және басқалар);
3) педагогикалық зерттеулер әдістері және олардың даму логикасы (Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, М.Н. Скаткин, В.С. Шубинский және басқалар);
4) педагогикалық зерттеулер типологиясы және ұйымдастыру логикасы(В.И. Загвязинский, В.М. Полонский және басқалар);
5) педагогикалық болмыс туралы табиғатынан диалектикалық болып табылатын эмпирикалық және теориялық білімдер жүйесінің дамуы және жаңаруы (Н.В. Бордовская және басқалар).
6) педагогиканың әдіснамасының даму тарихы кеңестік кезеңде ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде 1960-жылдары қалыптаса бастауы(С.И. Колташ);
7) педагогикалық зерттеулердің браысы мен нәтижелерінталдауда іргелі және қолданбалы қырларының арақатынасының сипатын анықтау (В.В. Краевский, Е.В. Бережнова және басқалар).
Ғылыми педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын, танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған процесс. Ғылыми зерттеу – таным іс-әректінің бір түрі болып табылады және жаңа ғылыми білім жасау процесі. Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығы жағынан сипатталады.
Педагогикалық үрдістің өзіндік қайталанбастық, біртекті есмес ерекшелігіне қарай күрделі. Кез келген педагогикалық процестің бастапқы орындалғаннан соңғы жаңғыртылуында айырмашылық бар. Сондықтан педагогика ғылымында нақты ғылыми эксперимент жүргізу өте қиын да мүмкін емес болғандықтан, шартты және салыстырмалы қорытынды жасалады.
Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері қалыптасқан:
1. Эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып, эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады.Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау, рпактикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2. Теориялық негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп, ашылған фактілерді анықтап, болашақта фактілерді жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3. Әдіснамалық эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылысты зерттеудің жалпы принциптері мен әдістері және теориясы құрылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптері:
- педагогикалық құбылыстардың себептерін, факторын, шарттарын анықтаудың объективтілігі мен шарттылығы;
- педагогикалық құбылыстарға және процестерді зерттеуге тұтастай қарау;
- құбылыстардың байланысын және басқа құбылыстармен өзара байланысын зерттеу;
- құбылыстардың және оның дамуын зерттеу.
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері; тақырыбы, объектісі, пәні, өзекті мәселесі, мақсаты, міндеттері, болжамы болады.