Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларда құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
«Таным» педагогикалық сөздікте қоғамдық тарихи практика дамуында әлем туралы жаңа білім нәтижесінде адам ойлауында ақиқаттың бейнеленуі және қайта жаңғыру процесі. Таным адам санасын дамытудың негізі. Таным екі топқа бөлінеді. Сезімдік таным – адамның түйсігі, қабылдауы және елестеуі енеді. Танымның логикалық формаларына қоршаған ортадан түскен мәліметті аса маңызды байланыстары мен заңдылығын ашу үшін сезімдік танымның жалғасы ойлау қызметі жатады. Ойлау арқылы тәкелей қабылданатын құбылыстарды сезім арқылы танып білуден ішкі, жалпы, тікелей қабылданбайтын заңдылықтарды логикалық жолмен танып білуге болады. Соның нәтижесінде ұғым, пікір, ой тұжырымдары қалыптасады.