6- ДӘРІС. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеу әдістері
Жоспар
1.Әдіс ұғымына анықтамаcы.
2. Педагогикалық зерттеу әдістері, педагогикалық зерттеу әдістемесі
3.Теориялық зерттеу әдістері
Әдіс грек тілінен аударғанда «методос» - таным амалы, тәсілі деген мағынаны білдіреді. Субъектінің кез келген формадағы әрекетінің амалы. Мақсат көздеген нәтиже алуға бағытталған әрекет. Әдіс белгілі ереже,амал, механизм, таным және әрекет нормаларының жиынтығы. Әдіс ақиқатты зерттеуді жеңілдетіп, уақытты үнемдейді, мақсатқа тез жетуді көздейді. Сонда әдіс ақиқатты игерудің практикалық және теориялық тәсілдерінің жиынтығы, адамды мақсатқа жету жолында ұстанымдар жүйесімен, қойылатын талаптармен, ережелермен қаруландырады. Осы әдістерді зерттеумен арнайы шұғылданатын біртұтас білім аймағы - әдіснама. Әдіснаманың маңызды міндеттерінің бірі – таным әдістерінің шығуын, мәнін, тиімділігін зерттейді.
Ғылыми танымның әдістерін ғылыми зерттеу үдерісінде қолдану аймағына байланысты: диалектикалық және метафизикалық деп бөлінеді. Соның ішінде диалектикалық әдістер эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді. Педагогикалық зерттеу әдістері – оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын тану тәсілдері мен құралдары. Педагогикалық зерттеулердің әдістері: педагогикалық құбылыстарды тану процессі логикалық танымдық әдістерді қолдануды қажет етеді.
Зерттелетін пәннің сипатына қарай түрлі болып келеді.Педагогикалық зерттеу әдістерін үш топқа бөлуге болады: