Педагогтың әдіснамалық мәдениеті Педагогтың әдіснамалық мәдениеті – педагогика әдіснамасы туралы білімі, оны педагогикалық әрекетінде қолдану біліктілігі. Зерттеуші мен педагогтың іс-әрекеттерін салыстыра келсек, педагогикалық әрекет зерттеу әрекетіне қарағанда өзіндік еркешелігі бар. Педагог – тәрбиелеу және оқытумен айналысса, зерттеуші – оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін анықтайды.
Педагогтың объектісі – педагогикалық процесс пен бала.Ғылыми педагогикалық зерттеудің объектісі – педагогикалық құбылыстар мен фактілер. Әдістер мен тәсілдерін салыстырса, педагог – оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін білсе, зерттеуші – құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерін білуі қажет.
Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі мынанадай:
нақты кеңістік-уақыттық жағдайларда оқу-тәрбие процесінің мақсат және міндеттерін түсіну;
берілген тапсырманы орындауға баланың дайындық деңгейін диагностикалауда әдістемесі мен әдістерді таңдау;
педагогикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғады шешу және түйіндеу;
алынған нәтиже негізінде оқу-тәрбиелеу процесін жобалау және құрастыру;
психологиялық, педагогикалық және әдістемелік рефлекция, яғни өзінің әректін объективті түрде талдауы және бағалауы, қателігі мен сәтсіздігін көре білуі. Сонымен ,педагог зерттеушілік қызметті меңгере отырып, педагог-тәрбиеші, педагог-жаңашыл болуына және еңбегінің жемісі жоғары көрсеткіштер беретіні сөзсіз.