Дәріс Психологиялық кабинет. Психологиялық құралдар



бет6/10
Дата13.12.2021
өлшемі153,02 Kb.
#125529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 дәріс

Кеңістікті ұйымдастыру.

Түзетуші және релаксациялық жаттығумен айналысуы үшін еден жабыны жұмсақ болуы керек: бұл психологиялық кабинетте «бала аймағы» деп аталатын аймақты игеруде маңызды. Міндеттің ерекшелігін ескере отырып практикалық психолог кабинеті аймағы тұрғысынан әрқайсысы жекелей жағдайға арналған және сәйкес жабдықталған бірнеше аймаққа бөлінуі керек.



Қабылдауды күту аймағы практикалық психолог кабинетінде отырған қабылданушыдан және бөтен адамдардан оқшаулайтын қабырғасы бар ғимараттың бір бөлігі. Түсті кеңінен пайдалануға кеңес беріледі. Қабырға бала мен ата-анадан, жағымсыз сезім тудырмас үшін әсіресе медициналық мазмұнды ешқандай плакат болмауы қажет.

Алғашқы қабылдау және клиентпен әңгімелесу аймағында жұмыс үстелі, кабинет клиенті ретінде бала, мұғәлім, ата-ана туралы мәліметі бар картотека, зерттеу мәліметтері мен нәтижелері бар бөтен ешкімнің қолы жетпеуі қажет жабық картотекамен жабдықталуы қажет. шкафта психологиялық кесте, плакат, әдістемелік материал психологиялық зерттеуге арналған өзге де аспаптар бар.

Кеңес беру аймағы мейлінше ыңғайлыи ұйымдастырылады. Журнал үстелі және ыңғайлы жұмсақ кресло, қабырға брасының қоңырқай жарығы реттілік, қорғаныс қалпын жасайды, жан тыныштанып, жайлануға жеке, топтық немесе отбасылық кеңес беру жағдайында ашық әрі сенімді әңгімелесуге мүмкіндік туғызады.

Ойын терапиясы аймағының маңызы зор, сондықтан сәйкес жабдықталуы қажет: еденнің жұмсақ жабыны; ойын сюжетінде жағдаяттың тез алмасуына ықпал ететін қозғалмалы жиһаз; ойыншықтар: бөлгіш материалдар; қарандаш, альбомдар. Бұл жерде балалардың қолдан жасалған ойыншықтары, суреттері, интерьерді орынды түрде ашық рәсімдеу. Түстік дизайн және фитодизайн «бала кеңістігін» жасауда бірінбірі толықтырады. Осының бәрі баланың кабинет жұмысының шартына оңай бейімденуді және жүктеменің жоюға ықпал етуді қамтамасыз етеді.

Релаксация және психологиялық эмоциялық жүктемені жою аймағы жұмсақ ыңғайлы креслоны еркін орнастыру, шаршағанды басады, қысқа мерзімді релаксация сеансында жұмыса қабілеттігін қалпына келтіруде сонымен қатар топта өзін-өзі реттеу әдісіне үйретуге ыңғайлы. Психологиялық эмоциялық жаттығуға интерьерді өзіндік шешу арқылы да қол жеткізуге болады: аймақтың көлемі мен формасын өзгерту жеңіл өзгеретін және қозғалмалы құрал-сайманды қайта монтаждау, уақытты қабырға көмегімен кеңістікті трансформациялау. Релаксация және бұлшықет жүктемесін жою эффектісіне құрылымның нақты элементтерінің әсерінен, слайдтық бейненің өзгеруі және түстік рәсімделуі, сонымен қатар қызметтік музыка әсерінен қол жеткізіледі.

Психологиялық кабинеттің осы аймағында релаксация қалпын қалыптастыру дағдысына үйретуден басқа муызкалық сүйемелдеумен слайд бағдарлама мен видеобағдарлама көрумен бірге аутогенді жаттығу сеансы сабағын өткізуге болады. Бұл сабақ әсіресе экологиялық әсері жағымсыз ауданда тұратын, сонымен қатар жарақатты күйзелісті басынан кешірген контингент үшін маңызды.

Осы аймақтың бәрі мектеп психологы кабинеті қызметінің мақсаты мен міндетіне сәйкес, оның негізгі контингентіне әртүрлі жастағы оқушылар, мектепке дейінгі балалар, олардың ата-аналары, тәрбиешілер, және мұғәлімдер жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет