Дәріс 4. Психологиялық кабинет. Психологиялық құралдар.
Мектеп психологы кабинеті жұмысының міндеті мен ерекшелігі оны тікелей оқу-тәрбие мекемесі (мектеп, мектеп-интернат, гимназия, лицей т.с.с.) базасында орналасуы тиімді екендігін көрсетті. Бұл кабинетті балалардың әртүрлі контингенті үнемі келіп, өмірлік ортаның нақты шарттарына психологиялық әсер ету және жас ерекшеліктері әртүрлі балалар, олардың ата-аналары, тәрбиешілер мен мұғалімдердің әлеуметтік байланыс әдістері мен тәсілдерін таңдау және сұрыптауды қамтамасыз етеді.
Нақты оқу-тәрбие мекемеде жұмыс жасау психологқа тәрбие жағдаятына түгелімен енуге, балаларды, мұғалімдерді, тәрбиешілерді жақсы танып, олардың өзара байланысын түсініп, ата-анамен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Психолог балаларды шынайы өмір жағдайында бақылауға мүмкіндік беріп, балаға ықпал етудің жүйесін талдау, өз қызметінің нәтижесін көруге мүмкіндік алады, оның кеңестері мен нұсқаулары өмірде қалай іске асатыны, оның кеңестік және профилактикалық жұмысы нәтижесінде қандай өзгерістерге ұшырататынын бақылайды. Мектеп психологы кабинеті қызметінің
баламалағы мен толыққандылығына оның заман талабына сәйкес әдістемелік және ұйымдастырушылық, сонымен қатар, қажетті техникалық жабдық пен құрал-сайманмен қамтамасыз етілуі жатады. Кабинетте «Психология» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын аяқтаған немесе «Педагогпсихолог», «Практикалық психолог» қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін көтерген (бекітілген үлгідегі диплом) білікті психолог мамандар жұмыс жасауы қажет. Кабинет жұмысы сәтті болу үшін медициналық мекемелермен шығармашылық байланыс орнату, психолог пен педагог біріге әрекет етуі, олардың бір-бірін толықтыруы, ата-аналармен және оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыс орнату керек. Бұл психологиялық көмектің мәселені шешу стратегиясын тура анықтауға, әртүрлі жастағы балалармен дамытушы және түзету жұмысына бағытталған бағдарламаларды жасауға мүмкіндік береді.
Мектеп психологы кабинетінің қызметін Психологиялық қауымдастық немесе білім беру департаменті жанындағы ғылымиәдістемелік орталықтарының қатысуымен практикалық психология бойынша ғылыми-әдістемелік орталықтарының қатысуымен практикалық психология бойынша ғылыми-әдістемелік орталық басшылыққа алады.
Мектеп психологы кабинеті баланың психологиялық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ете отырып өз қызметін өзекті және перспективті деңгейде іске асырады.
Өзекті деңгей күнделікті күйбің мәселелер мен міндеттерді шешуді қарастырады, оларға профилактика, диагностика даму қиындығын түзету, мектеп оқушылары, оның мінез-құлқы, оны оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдену, әсіресе, экстремальды және сындарлы өмірлік жағдаяты жатады. Қажет болған жағдайда кабинет психологиялық эмоциялық артық жүктеменің алдын алу, күйзелістің жарақаттан кейінгі салдарын жою, тұлғааралық байланысты қалыптандыру, қатынас пен психологиялық өзін-өзі реттеу дағдыларына үйрету мақсатында психопрофилактикалық тұрғыдан шаралар кешенін қамтамасыз етеді.
Перспективті деңгей оқушының психикалық және тұлғалық дамуына мейлінше ықпалдасу, әрбір жас кезеңінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін есепке ала отырып баланың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырудың дамытушы және психологиялық-түзетуші тұлғалық бағдарланған бағдарамаларын дайындауға; психикалық дамуда ауытқушылықты бодырмауға бағытталған түзету бағдарламаларын дайындауға бағытталған.
Өзекті деңгейде әрбір балаға психологиялық зерттеу жүргізіледі, соның негізінде ата-анаға, мұғалімге қорытынды нұсқау мен кеңес беріледі, оқушының танымдық және мінез-құлқын «емдеу», оның мінезқұлқын, байланысын, оқу үлгеріміндегі бұзылыстарды түзету жүргізіледі.
Перспективті деңгейде баланы отбасында қоршайтын адамдармен, оқу мен тәрбиелеу үдерісінде ұшырасатын – ата-ана, мұғалім, тәрбиеші, құрдастарымен тікелей жұмыс жүргізіледі. Негізгі жұмыс формасына педагог пен ата-аналар үшін тренинг, кеңес беру, дәрістің белсенді тәсілдері жатады.
Әрбір баланың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған преспективті міндеттерді шеше отырып психолог ересектерге нақты көмек көрсетеді, олардың психологиялық құзіреттілігін арттыру, жастары әртүрлі балалармен тұлғааралық өзара байланыс орнатуға көмектесуі қажет. Бұл болашақта балалардың өзекті мәселелерін және тұлғалық қалыптасу мәселелерін, әлеуметтік және кәсіби анықталу, жеке ересек өмірге психологиялық дайындығын тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Әрбір деңгейде психологиялық жұмыс төмендегідей бағыт бойынша жүргізіледі:
- психопрофилактикалық жұмыс;
- психодиагностикалық жұмыс;
- дамытушы және психологиялық-түзетуші жұмыс;
- дамытушы және психологиялық жұмыс;
- кеңес беру.
Психопрофилактикалық жұмысқа төмендегілер жатады:
бала, педагог, ата-ана немесе оны алмастыратын тұлғаларға дәріс, әңгіме, тренинг көмегімен жалпы психологиялық мәдениетті қалыптастыру;
тұлғаның қалыптасуы, баланың зияткерлігі мен эмоциональдыеріктілік саласында (кезеңді психологиялық диспансеризация және тәуекел тобының балаларын айқындау) ауытқушылықты уақтылы ескерту жасау;
оқу-тәрбиелік мекеме шарттарына бейімдену кезеңінде балаларларға көмек көрсету;
қабілетті ерте анықтау, дамудағы ауытқушылық пен түзету мақсатында мектепте оқуға баланың психологиялық дайындығын анықтау (мектепке балалар қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу);
өмірдің қолайсыз жағдайына байланысты психологиялық жүктеме мен неврологиялық жарылысты алдын-ала болжау, балаларды оқыту және тәрбиелеу (сабақ кестесін, мектеп жұмысының тәртібін құрастыруға қатысу; мұғәлім және ата-анамен сөйлесу; тәуекел тобының балаларын бақылау);
қатынасу формасын оңтайландыру арқылы оқу-тәрбие мекемесінің қолайлы психологиялық климатын жасау.
Психодиагностикалық жұмысқа төмендегілер жатады:
баланың психологиялық дамуы жас нормаларына және қажетті қабілет пен дағдыны игеру деңгейіне сәйкестігін анықтау мақсатында психологиялық зерттеу;
әрбір балаға жеке тұрғыдан, кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтауға көмек көрсету мақсатында баланың психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылығын, қабілеті мен бейінін зерттеу;
кіші жастағы балалардың зияткерлік және тұлғалық дамуында ауытқушылықтың, мінез-құлқының бұзылуына дифференциальды диагностика жасау (сәйкес саладағы мамандармен бірге өткізіледі);
балалар ересектер және құрдастарымен байланысу сипатына диагностика жүргізу, қарым-қатынас бұзылу себептерін анықтау;
жарақатты күйзеліс салдарынан өзгерістерге, оқушының жасын есепке ала отырып жарақаттың әртүрлі типіне сензитивтілігіне диагностика жүргізу.
Психологтың дамытушы және психотүзетуші жұмысы төмендегі мәселелер бойынша бағдарламалар дайындау арқылы іске асыруды көздейді:
- тұлғаның жалпы және оның жеке қырларынының дамуы;
- психологиялық дамудағы ауытқушылықтарды түзету;
- жарақаттаушы жағдаяттың ерекшелігі мен түрлерін есепке ала отырып жарақаттан кейінгі бұзылыстарды түзету;
- эмоциональды күйзеліс реакциясын өзін-өзі реттеу және еңсеру әдістәсілдерін үйрену;
- ересектерге экстремал жағдайда төтенше психологиялық көмек көрсету техникасын үйрету.
Кеңес беру жұмыстары төмендегілерді қарастырады:
- балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша әкімшілік;
- педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру;
- балаларға сұраныстары бойынша кеңес беру;
- оқу-тәрбие мекемесінің қызметкерлеріне психологиялық мәдениетті арттыру және балалармен жұмыста ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында біріккен кеңес беру.
ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Практикалық психолог кабинеті жұмысының барлық бағыты әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді талап етеді, бұл ППК тиімді жұмысына ықпал ететіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |