Аралбаева Аружан Эссе



Дата07.02.2022
өлшемі13,26 Kb.
#91866
Байланысты:
ЭССЕ Аружан


Аралбаева Аружан
Эссе
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің құралы болуы оның жүйелік сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нориаларымен, сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады. Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі болып олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар-бір күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Және олар тілдік деңгейлерде (фонетика,лексика,сөзжасам, грамматика, морфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны мен сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының сәйкестіктер және олардың қолданыстық-қызметтік сипатының диалектік бірлікте болуы арқылы ұғынылып әрі айқындалып отырады. Сондықтан да морфология нормалар, синтаксистікнормалар, тілдік элементтердің комбинаторлық,конструктивтік нормаларымен әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.
Әдеби тіл қашан және қалай қалыптасқаныңа қарамастан, жалпы халықтық тілін сұрыпталған,сымбатталған түрі болып табылады да, бір жағынан сол жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүріп отырса, екінші жағынан жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүріп отырса, екінші жағынан жалпыхалықтық тілдің әдеби тілге енбейтін бөліктермен (қарапайым сөйлеу тілі, диалектизмдер мен кәсіби сөздер, жаргондар мен варваризмдер) әр түрлі қарым-қатынаста болады.
Жалпыхалықтық тіл өзі қызмет ететін халық өкілдерінің арасындағы қатынас құралы болуды барлық салада жүзеге асырады: қоғамдық өмірде, рухани байлығын жарыққа шығаруда, мәдениет өндірісінің құралы ретінде, сондай-ақ белгілі территорияға ғана, іс-әрекетке ғана байланыста аздаған адамдар арасында, тұрмыста да өмір сүре алады. Ал әдеби тіл оның ең жоғарғы формасы, өңделіп, сұрыпталы,нормалану қасиетін басынан өткізген , сондықтан да кейінгі кезде «оны мәдени өрлеудің қоғамның барлық іс-әрекетінің, ғылымның, техниканың, экономиканың, саясаттың, оқу-ағарту, мәдени жұмыстардың құралы» деп танып жүр. Сондықтан да әдеби тілдің жүйелігі сол тілде сөйлетін халық өкілдерінің бәріне таныс, нормасы ортақ болып келеді де, олардың тіл заңдылықтары негізінде сақталынып отыруы қадағаланады. Әрине, әдеби тілдің нормалары қатып, сіресіп, қалған, өзгермитін құбылыс емес. Әдеби тіл бір жағынан замандар бойы қалыптасқан тұрақты нормаларын сақтап қалған, бұздырмауға тырысып отырса, екінші жағынан ішкі даму просі негізінде сыртқы қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге лайық икемділігі арту үшін жаңа ұғым, мағына я образ бірде норманың шеңберін бұзып, нормадан ауытқып та кетеді. Әрине, ондай ауытқулар жөнсіз, қалай болса солай емес, белгілі, шекті болады.
Халық тілінің екінші бір бөлігі болып табылатын ауыз екі сөйлеуге байланысты қарапайым сөздер белгілі бір территорияға байланысты жергілікті тіл ерекшеліктерді белгілі бір кәсіпке байланысты белгілі мөлшердегі адамдар ғана түсінікті кәсіби сөздер, халықтың белгілі тобына ғана қатысты жаргондар, жөнсіз қолданылған бөтен тілден енген кірме сөздер-варваризмдер әдеби тілге қарама-қайшы құбылыс болып келсе де, олардың қоғамдық өмірде өмір сүруіне бпайланыс бар, бір-бірімен қатынасып отырады, кейде, тіпті, олар әдеби тілге еніп, әдеби тілді байытуға байланысты қызмет атқарады. Олардың әдеби тілмен қарым-қатынасқа т үсіп, жалпыхалықтық көрініс алатын орны-көбіне көркем шығарма. Көркем шығарма тілінде қарапайым сөздер де, диалектілік ерекшеліктер де, кәсіби сөздер де, жаргондар мен варваризмдер де жиі кездесіп отырады. Әсіресе, персонаж тілінде орынды қолдануға ондай тілдік элементтер көркем туындының нәрін келтіріп, оған образдық мән беріп тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет