Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата23.03.2018
өлшемі75,74 Kb.
#39433
түріСабақ
1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Мұғалім: А.Байтурина

Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың кәсіби сөздер туралы білімдерін кеңейту,жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларға деңгшейлік тапсырмалар беру арқылы талдау жасау дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Диалект сөздер туралы түсінік.

2. 187, 188 -жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Суреттер топтамасындағы 17- суретке қарап, диалект сөздерді қатыстырып мәтін құра.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу 2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне белгілі бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Кәсіби сөздерді үлкен екі салаға бөлуге болады

    1. Қолөнершілікке ( ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, т.б.) қатысты сөздер: пышқы, ( араның бір түрі), шербек (үлкен ара), ыңғыру (ағаш оятын құрал), тышуыр (бұрап кесетін құрал), пәрбі (ағаш оятын тескіш ), атауыз( шеге суырғыш), т.б.

    2. Ауыл шаруашылығына (мал , стық, балық, аңшылық, бау – бақша, темекі, мақта, күріш, қызылша) байланысты сөздер: 1) мақтаға қатысты қоза ( мақта өсімдігі), шит (мақтаның тұқымы), терімші(мақта теруші), балдаң (мақтаның сабағы); 2) жүгері түрлері: дүмбі,пәшік,сота,т.б. 3)қауын аттары: әңгелек, жәмше, торлама, т.б. 4) қызылша шаруашылығына байланысты: қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, т.б.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей

1.Кәсіби сөздер деген не? 2.Кәсіби сөздің айырмашылығы неде?

ІІ деңгей



  • Төмендегі сөздерден балық шаруашылығына байланысты айтылған сөздерді бір бөлек, мақта шаруашылығына байланысты байланысты сөздерді бір бөлек жаз.

Жылым, сүзекі, қауашақ, қоза, қозапая, қорма, шөктірме, көсектеу, шит егу, азна, күнжара.

ІІІ деңгей



  • Қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер жаз және олардан сөйлем құрап көр.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

  1. –жаттығу 1.Мәтіннен ұсталық кәсіпке байланысты сөздерді теріп жазыңдар.

194-жаттығу Суреттер топтамасынан 6 – суретте бейнеленген ыдыс түрлерінің аттарын қолданып, «қазақтың тұрмыстық бұйымдары» деген тақырыпта мәтін құраңдар.

195-жаттығу Кәсіби сөздерді теріп жазыңдар.



VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.

2. 198 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Мұғалім: А.Байтурина

Сабақтың тақырыбы: Терминдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың термин сөздер туралы білімдерін кеңейту, жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың термин сөздерді ажыратуы арқылы қисынды ойлауларын дамыту, деңгейлік тапсырма беру арқылы лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Кәсіби сөздер туралы түсінік. 2. 198 -жаттығу

ІІІ Білім тексеру: Шығармашылық жұмыс

  • «Біздің Байқоңыр» атты тақырыпқа ойтолғау жазу.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу 2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Термин сөздер днгеніміз - ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.

Терминдер жеке бір ұғымды білдіретін болғандықтан, бір мағыналы болып келеді. Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады.

Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалады.

1. Басқа тілден енген сөзге қазақ тілінен тілінен балама табу: 1)жергілікті және көне сөздер алынған: кеден –таможня, егемен –суверенитет, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, ғарыш – космос.

2)тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, әуежай –аэропорт, төл құжат- паспорт, мұражай – музей, елтаңба – герб, әнұран – гимн.

2. Тілімізге орыс тілі арқылы кеоген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат,куб, коэффициент т.б. химия терминдері: аммиак, азон, дром, гидрат,т.б. география терминдері: глобус, карта,т.б. лингвистика терминдері: синоним, антоним, дисфемизм, диалект, т.б.

Термин сөздерді өз орнымен дұрыс қолданып сөйлеу әрі білімділікті, әрі тілдің мәдениеттілігін танытады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей Кәсіби сөздерге мысалдар жаз.



  • Мәтіндегі термин сөздердің астын сыз.

  • Белоктың құрамына азот бар органикалық заттар жатады. олардың құрамы өте күрделі және әртүрлі. Олар организмде аса күрделі қызметтер атқарады.

ІІ деңгей Термин сөздердің басты ерекшелігін айт және мысал келтір.Мәтіндегі терминдерді тап және терминдердің жасалу жолы туралы айт.

Жезқазған аймағының экологиялық жағдайы мәз емес. Екі бұйірден Байқоңыр ғарыш аймағы мен Семей палегоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөлшектері мен атом қалдықтары – тептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей палегоны радиоактивті заттарды төңірекке сіңірді.

ІІІ деңгей Термин сөздерді қатыстыра отырып, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты шығарма жазу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту. 1.Оқулықпен жұмыс

191-жаттығу Математика, тарих, география, химия пәндері бойынша өздерің білетін термин сөздерді теріп жаз.



  1. –жаттығу Мәтінен термин сөздерді теріп жаз.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. Термин сөздер туралы түсінік.

192-жаттығу

2.Ата – аналарыңмен әңгімелесіп, олардың істейтін

кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.



1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:16.01.2014

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім:А.Байтурина

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қоштасу»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға баулу, лексикадан алған білімдерін бекіту.,

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге, туған өлке табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: бақылау

Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс-тәсілі: жазба жұмысы, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, жануартану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

II. Оқушыларды диктант мәтінімен таныстыру; жазу
Қоштасу

Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені-ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала-ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп-тіке күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп-тура Оңтүстікке Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ-топ боп, өздерінше тізбек-тізбектер жасап, жол бастаған аққу-арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у-шу боп, бейберекет көтерілді де, жоғарылай-жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін-бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан-талан боп, көшкен құстан айықпады.



(С.Бақбергенов, 145 сөз)

IV. Сабақтың аяқталуы.
Каталог: uploads -> doc -> 07d5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07d5 -> Бастауыш сыныпта шығарма жазудың әдістемесі Шығарма жазу сабақтарына қойылатын негізгі талаптар
07d5 -> Сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы : Ахмеn Байтұрсынұлы, «Аққу, шортан, Һәм шаян» мысалы
07d5 -> Сабақ тақырыбы: «Шымбұлақ» шатқалы Сабақ мақсаты: Мәтіндер негізінде Шымбұлақ шатқалы оның аспалы жолдары туралы мәлімет алу
07d5 -> Сабақтың атауы Есептерді шешуде координаталарды қолдану Сілтеме
07d5 -> Ақсу негізгі мектебі Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі
07d5 -> Сабақтың міндеттері: 1 Тақырыптың мазмұнын ашу, 2 оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
07d5 -> Қазақтың ұлттық ойындары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет