материалдарды ой елегінен өткізіп, есте сақтау; білім негіздері мен əрекет
тəсілдерін жалпылау; білім мен жаңа əрекет тəсілдерін түрлі жағдаяттарға
бағыттай білу; сабақтағы негізгі қимыл - əрекет мəнін түсіндіру; оқушылар
сабақтары; ə) оқу - өндірістік бұйымдарды өз бетінше жасау сабағы б) аралас
21
сабақтар (комбинированные). Өнеркəсіп не өндіріс ұйымдарында жүргізілетін
өндірістік оқу түрлері:
-
өндірістік жағдайды білім мен дағдыларды қалыптастыратын,
кешенді жəне күрделі жұмыстар түрін атқару;
-
өндірісте білікті жұмысшылар іс - əрекетті оқушылардың бақылауын
ұйымдастыратын оқыту түрі;
-
сол жұмысты практикант - студенттің атқаруы;
-
нақты кəсіп бойынша штаттық жұмыс орнында өндірістік практика
өткізу.
-
бақылау - тексеру жəне біліктілік сынақтарын жүргізетін оқыту түрі,
-
топ саяхат ұйымдастыру (экскурсия).
Кіріспе нұсқау - оқушыларға белгілі бір жұмысты белсенді жəне саналы
түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық. Нұсқауда тəжірибе жүргізу
мен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіледі.
Кіріспе нұсқау, негізінен, өндірістік оқыту сабақты өткізу барысында
жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды:
1
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2
Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру.
3
Сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулар мен
өз бетінше жұмыстардың орындалу тəртібі;
4
Жасалынатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кестесін
қарастыру.
5
Оқу - өндірістік жұмыстарға қажетті материалдық объектілерді
демонстрациялау.
6
Оқушыларға оқу - өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-
жабдықтармен, құрылғылар мен аспаптармен таныстыру.
7
Жұмысты тиімді орындау, сапасын бақылау тəсілдері мен дəрістерін
түсіндіру жəне демонстрациялау.
8
Қателіктер мен ақаулардың алдын алу жəне болдырмау шараларын
қарастыру
9
Оқу - өндірістік жұмыстарды атқару кезінде жұмыс орнын тиімді
ұйымдастыра білуді түсіндіру жəне көрсету.
10
Шеберханада, не өндірісте жұмысты атқару кезінде, техникалық
жəне қауіпсіздік ережелерін ескеру.
11
Кіріспе нұсқаудың қалай түсінгенін сұрау, бақылау, бекіту егер
қажет болса тиісті жерлерін қайталау.
12
Оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарына бөлу. Бұл
келтірілген құрылымдар оқу мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне қарай, не
өндірістік оқыту шеберінің оқу не тəрбие мақсатына байланысты ішінара
өзгеріске ұшырауы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: