жəне сабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы ретінде болуы
3
Толықтық дегеніміз – алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке
тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл – ойының дамуымен тығыз
байланыстыру, ең соңында негізгі көрсеткіштер ретінде алған білімді қолдана
алу жəне қосымша білім алу біліктерін ескере отырып, бағдарламаға барлық
қажетті жəне жеткілікті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады.
Нақтылық дегеніміз – бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген
мазмұнды нақты оқу процесіне енгізу жолдарын көрсететін барлық
элементтердің нышандары, сипаттаулары, байланыстары дегенді көрсетеді.
Процессуальдық деп – білім мазмұнының оқыту процесімен бірлігін
көрсететін бағдарламаның құрылымы түсініледі, барлық элементтерінің жүйелі
орналасуы мен өзара байланысын, оларды меңгерудің іс – əрекеттік жағын,
оқытудың негізгі мақсаттарына жетудің дəйекті кезеңдерін, белгілі мөлшерде
əдістерді, оқытуды ұйымдастыруды формалары мен құралдарын айқындайды.
Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:
1.Түсініктеме
2.Тұжырымдық бөлік
3.Нормативтік;
4.Ақпараттық - əдістемелік бөлік.
І.Түсініктеменің негізгі құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: оқу
пəнінің мақсаттарын ашу; білім мазмұнын таңдап алу мен жалпы логиканы
негіздеу жəне оның жүйелілігін тағайындау; оқу процесінің, əдістерінің, жұмыс
формасының, құралдарының жалпы сипаттамалары; алдыңғы бағдарламалармен
салыстырғандағы
бағдарламаға
енгізілген
жаңалықтарды
түсіндіру,
бағдарламаның текстіне техникалық нұсқаулар беру.
ІІ.Бағдарлама тексті бағдарламаның негізгі құрылымдық – тұжырымдық
(мазмұндық) бөлігі болып табылады, онда оқу пəнінің мазмұны мен құрылымы
аса толықтылықпен жəне нақтылықпен қамтылып көрсетіледі. Бағдарламаның
бұл бөлігінің негізіне нақты пəннің мазмұнын іріктеу мен түзудің теориялық
аспектілері алынған.
Оқу пəнінің мазмұнын түзу бағдарлама мəтінің, уақытына сай жəне
сыныптар бойынша бөлінуі оның түсініктемесінде белгіленген барлық
мақсаттардың іске асуының көрнекі жəне нақты түрде көрсетілуі болып
табылады.
Бағдарлама тексті өзінің құрылуы, тақырыптарға, бөлімдерге бөлінуі
бойынша оқу пəні мақсаттарының өзара байланысы мен иерархиясын
бейнелейді, яғни бағдарлама текстіндетек білім ғана емес біліктілік те,
шығармашылық іс-əрекет тəжірибесі де, тəрбие берудің ескерілуі қажет.
Оқу пəнінің қызметі мен оның барлық мақсаттарының жүзеге асырылуы
бағдарламаның осы бөлігінің құрылымы арқылы ашылады: бөлім мен
тақырыптарды бөлу; олардың берілген пəн үшін жетекші болып табылатын
мазмұн компонентімен толтырылуын жəне жүйеленуін көрсету. Мазмұнының
жетекші компоненті «ғылыми білім» (ғылым негіздері) болып табылатын
физика, химия пəндерінде бағдарлама текстінің негізін дүниетанымдық
идеялармен үйлесімді түрде құрылған білімдер құрайды.
4
Бағдарламалға зертханалық, сарамандық жұмыстар, экскурсиялар,
көрсетілімдер, техникалық құрал сияқты оқыту құралдары туралы нұсқауларды
енгізу толықтылық, нақтылдық пен процессуальдық сипаттарға сəйкестікті
көрсетеді. Оқыту құралдары тақырыптар бойынша бөлініп, нақты
материалдармен үйлестірілуі тиіс.
Текстке қойылатын келесі талап – бағдарлама мазмұнының міндетті жəне
қосымша бөліктерге анық түрде бөлінуі.
Сонымен, бағдарламаның мазмұндық (тұжырымдық) бөлігі бірнеше
қызметтерді атқарады:
1.Оқу материалының мазмұнын анықтайды
2. Тараулардың көлемін анықтайды
3 Көрсетілген мазмұнды меңгерулің минимал міндетті деңгейін анықтайды
ІІІ.Бағдарлама оқу пəнінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқу процесін
жəне оның нəтижелерін реттейді. Бағдарламаның нормативтік бөлігіне жеке
тақырыптарды оқып – үйренуге бөлінетін уақыт жəне арнайы айдармен берілген
«Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар» жатады.
Білім, білік жəне дағдыларға қойылатын талаптар дегеніміз – оқытудың
жоспарланған нəтижелерін белгілеуге, көрсетуге мүмкіндік беретін,
оқушылардың нені қалай меңгеру керектігін, қызметтің қай түрлерінде қайсыбір
білімдері мен біліктерінің көрінуі қажеттігі оқушылардың қандай қасиеттерге ие
болуын көрсетеді. Басқаша айтқанда, талаптар білім мақсаттарының нақтылануы
болып табылады, əр түрлі деңгейлерде берілетін жəне оқытудың, тəрбиелеу мен
дамытудың жоспарланған нəтижелерінің сипаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: