Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский
Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' жəне ''қалай оқыту керек'' деген
сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді,
9
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мəселелерін
зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың
зерттеу пəні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нəтижелері.
Зерттеу пəні аясына байланысты жалпы жəне жеке дидактикалар
айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын,
принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пəнінің мазмұнын,
барысын, түрі мен əдістерін зерттеуіне қарап оқыту əдістемесі деп аталады.
Мысалы, математиканы оқыту əдістемесі, тарихты оқыту əдістемесі.
Дидактика əрі теориялық, əрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-
теориялық жəне қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-
теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мəні мен
заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен
əдістерін зерттеу. Дидактиканың қолдан-балы қызметі: білім мазмұнын оқыту
мақсатына сəйкес-тендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді
əдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап
енгізу.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтік іс-
əрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз
категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі,
мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, əдістері, құралдары, оқытудың нəтижесі.
Кейбір категорияларға анықтама берейік.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тəрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған
алдын-ала жоспарланған іс -əрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс
істеу үшін қажетті адамзат тəжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нəтижесі
болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту процесінің мəні, оның ерекшеліктері мен қызметі. Оқыту процесі -
білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын,
күш-қайратын, қабілеттерін тəрбиелеп дамытатын іс-əрекет барысы. Оқу
барысында оқушының сана-сезімі, адамгер-шілік қасиеттері, эстетикалық
талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекше-ліктеріне назар
аударайық. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, əдіс тəсілдері
мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту - таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген
қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) жəне адам
дамуының негізгі заңдылық-тарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын
ғылымда белгілі болған, зерттеліп дəлелденген жаңалық-тарды, заңдылықтар
мен тұжырымдарды əрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның
əдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тəн негізгі екі белгіні:
организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек жəне жеке бастың жан-жақты
жетілуін түйістіреді.
10
Баланың өзіндік дамуына əсер ететін негізгі фактор-дың бірі - өзара қарым-
қатынас жасау іс-əрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мұғалімнің баламен үнемі
рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту
процесінде бала тек мұғалімнің əсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-
қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-
əрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін
айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы
тəсілдерін қолдануға жəне дербес шығармашылық əрекет жасауға дағдыланады.
Бұдан шығатын қорытынды: оқыту -баланың рухани жағынан жетілуін
қамтамасыз етеді; оқыту - бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен
дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады.
Л. С. Выготскийдің баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын
оқытуды айтады. Ол баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына
қарау керек деп ескертеді, осыған орай, бала дамуының ''екі зонасы'' болатынын
айтады. ''Бірінші зона'' - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған
қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын
сатысына (''екінші зонаға'') жеткізуге міндетті екендігін айтады.
Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу мен оның өздігінен
оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу
процесінде қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс
бар.
Достарыңызбен бөлісу: