Техникалық дайындық. Техникалық дайындық деп жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті – спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдылану.
Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындауы керек:
1 Техника нәтижелілігі – жарыс жаттығу техникасының нәтежелі орындалуы. Мысалы, волейболшының шабуыл соққысы соққан доп, ойын алаңына түсуі, балуанның қарсыласын ұпай санына лақтыруы, боксердың соққысының дәл тиюі.
2 Тиімділігі – биомеханика заңдылықтарына сай тиімді қозғалыс құолысын орындау.
3 Тұрақтылығы – тұрақты жоғары көрсеткіштер көрсетуге бағытталған қозғалыс техникасын құрастыру.
4 Бейімділігі – спортшының жетілдірілген қозғалыс техникасын барлық жарыс жағдайында орындай алуы.
5 Үнемділігі – энергияны неғұрлым аз жұмсайтын қозғалыс құрлымы.
Достарыңызбен бөлісу: |