Дәріс сабақтарының толық МӘтіні


Дәріс. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің негізгі мәселелері



бет2/17
Дата03.04.2023
өлшемі134,52 Kb.
#173553
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Д ріс саба тарыны толы М тіні

1 Дәріс. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің негізгі мәселелері



  1. Ғылым және оның мәні туралы мәселелер

  2. Ғылыми таным, ғылым әдіснамасы мен логикасы

  3. Ғылым әдіснамасы мәселесі ғылым философиясының саласы ретінде

Ғылым философиясы мен тарихы пәнінің зерттеу обьектісі мен пәнін анықтап алу үшін, алдымен ғылым түсінігін, одан соң ғылым философиясы, ғылым логикасы, ғылым әдіснамасы т.б. ұғымдарды анықтап алу қажет. Сондықтан, ғылым туралы бастапқы мағлұматтарды қысқаша атап өту керек. Ғылым туралы анықтамалар көп. Соның қарапайым түрі, ғылым – шындық (қоршаған әлем) туралы білімдерді жүйелейтін және өңдейтін қызм атқаратын адам қызметінің белгілі бір аймағы. Ғылымның негізгі міндеттері ғылым ашқан заңдылықтар негізінде шындық құбылыстарын түсіндіру, суреттеу және алдын-ала болжау.


Ғылым жүйесі шартты түрде: жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық болып бөлінеді. Ғылымды тәжірибеге қатыстылығы бойынша да іргелі (фундаментальді) және қолданбалы деп те бөледі. Іргелі ғылымдар шындық құбылыстарының арасындағы заңды қатынастарды танумен айналысады, қолданбалы зерттеулердің негізгі мақсаты іргелі ғылымдар ашқан жаңалықтарды әлеуметтік, өндірістік, техникалы салалардағы мәселелерді шешу үшін қолдану болыр табылады.
Ғылым туралы айтылғанда, біріншіден, ол – жаңа білімдерді алу қызметі, екіншіден, ғылыми-зерттеу қызметі ақылы алынған білімдер, үшіншіден, білімдерді өңдеумен шұғылданатын әлеуметтік институт.
1) егер күнделікті тұрмыста білім тек практикалық мақсаттарға жетудің құралы болса, ғылыми білімде сол білімдерді алу негізгі мақсат болып табылады. Ғылыми қызметке арнайы жабдықтар (құралдар, лабараториялар), ғылыми зерттеудің әдістері, кең ақпараттарды өңдеу мен игеру (кітапхана, мәліметтер базасы) аса қажет.
2) Ғылыми білімдердің жиынтығы ұғымдық формада көрінеді, оның эмпирикалық және теориялық негізделуін қажет етеді, сынауға қол жетімді болуы да маңызды, шындық пен ақиқатқа бағдарланған болуы тиіс, қайшылықсыз және жүйелі байланыстарға ұмтылуы керек.
3) Әлеуметтік институт ретінде ғылыми қоғамдастықтарды, мекемелерді, кезекті ғылыми басылымдарды, ғылыми конференция, пікірталас сияқты ғылымға қатысты әлеуметтік қатынас мәселелерін қамтамасыз ету басты мәселе.
Таным қателіксіз, сыни болуы үшін ғылыми танымда рефлексия қолданылады. Рефлексия таным кезіндегі өзінің қызметтерін, танымын, ойлау жүйесін бақылап отыру. Сондықтан ол әрбір таным әрекеті мен нәтижесіне, қағидаларына сыни көзбен қарайды. Ғылыми танымдағы Рефлексияның формалары Таным теориясы, әдіснамасы, ғылым логикасы т.б.
Таным теориясы ғылыми білімнің шындыққа қатынасын зерттейді, оның табиғаты мен мүмкіндіктерін қарастырады.
Ғылыми таным әдіснамасы – ғылыми-танымдық әрекеттің тәсілдері мен формалары, құрылу қағидалары туралы ілім. Ғылым әдіснамасының мақсаты ғылыми зерттеу кезеңдерін суреттеу мен талдау, ғылым тілін сараптау, жеке тәсілдер мен әдістердің қолданылу аймағын анықтау, зеттеу қағидаларын, тұрғыларды, тұжырымдамаларды талдау.
Ғылым логикасы – ғылыми білім жүйесін талдау үшін қазіргі логиканың техникалық құрылғыларын, ұғымдарын қолданатын пән. Ол ХХ ғасырдың басынданеопозитивистер арқылы пайда болған ілім. Ғылым логикасы термині сондай-ақ, ғылым дамуының заңдарын белгілеу үшін де қолданылады, ол ғылым дамуының логикасы деген сөз.
Сонымен қатар ғылыми зерттеулердің ережесі мен процедуралары білдіреді, зерттеу логикасы деенге келіп саяды.
Сондай-ақ ғылыми жаңалықтарды ашудың әдіснамалық, логикалық алғышарттары туралы ілім (ғылыми жаңалық ашу логикасы)
Ғылым философиясы біріншіден, ғылыми-танымдық қызметтіі сипатын зерттейтін философиялық бағыт, екіншіден, ол білім жүйесін дамушы жүйе ретінде, адам қызметінің елеулі арнасы ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі.
Осыдан әр түрлі көзқарастар қалыптасқан:
— ғылым әдісі мен нәтижесіне сүйенетін философия (Р. Карнап, М. Бунге, А. Уайтхед);
— гуманитарлық білім мен ғылым арасындағы дәнекер (Ф. Франк, М. Вартовский);
— ғылымды әдіснамалық тұғыдан талдау (Г. Р. Харре, М. Б. Хессе, И. Лакатос, Л. Лаудан);
— ғылымдағы идеологиялық спекуляция, қоғам мен ғылымға зиянды нәрсе (П. Фейерабенд);
— ғылыми қызмет пен ғылым ойлаудың алғышарттарын көрсету
— ғылыми танымның басқа таымдардан айырмашылығын көрсетіп беретін метағылыми әдіснама;
— ғылымтануға синоним, ғылымның әдіснамасын, таихын, социолоиясын біріктіретін пән.
Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір тарауы ретінде пайда болса, ал философиялық бағыт ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде қалыптасқан еді: О. Конт, Г. Спенсер т.б.
Ғылым философиясының дамуы мынадай кезеңдерді бастан өткерді:
1) (XIX ғ екінші жартысы.) тәжірибелік танымның логикалық құрылымдарына назар аударды, зерттеудің психологиялық сипатына қарай көңіл бөлді.
2) (XX ғ басы.) ғылымның мазмұндық негіздері басты орынған шығарылды; детерминизм, тұрақты және өзгермелі заңдылықтардың арақатынасын, кеңістік пен уақытты зерттеу, ғылыми білімнің бірлігі және әлем бейнесінің бүтіндік құрылымы жолға қойылды. Демаркация, ғылым мен метафизиканың бөлінуі, математика мен жаратылыстанудың айырмашылығы, әлеуметтік-гуманитарлық пен табиғи жаратылыстану ілімдерінің ара байланысы талқыланды.
3) (XX ғасыр ортасы.), ғылым тілін зеттеу (Венский үйірмесі, Берлин тобы — М. Шлик, Р. Карнап, Х. Рейхенбах). Неопозитивистік философия верификация, фальсификация мәселелерімен шұғылданды.
4) ХХ ғасырдың 60 жылдарында постпозитивистік кезең болды.Әдіснамалық тұжырымдардың көп түрлілігі, өзара сын, қатаң логикалық ж.йелерден бас тарту т.б. мәселелер жолға қойылды (Т. Кун, К. Поппер, С. Тулмин, И. Лакатос, Дж. Агасси, П. Фейерабенд).
Ғылым әдіснамасы жалпы философиялық мәселе болып табылады. Сондықтан да, ғылым әдіснамасының өзі философтардың жалпы қортындылар мен тұжырымдар шығаруы арқылы қалыптасқан болатын. Ол кейде, әрине, жаратылыстану ғылымдары арқылы да туындап шығуы ықтимал болғанмен, философия оларды жүйелеп, өзіндік әдіснама ретінде жалпылап, оны қоғмдық ғылымдар мен жаратылыстыну ғылымдарында қалай қолдану керектігіне де жүйелеп береді.
Мысалы, жаңа заман ғылымның қалыптасуындағы Ньютонның әдістемелік идеяларының маңызы зор болды. Ол кейінгі жаратылыстанудың негізін қалады. Галилейдің ойларын дамыта отырып нақтыландыра келе, Ньютон физикалық денелердің, объектілердің математикалық бейнесін жаратылысты зерттеудің қажетті бөлігі ретінде қолданды. Математикалық жоба берілген тәжірибелер мен байқауларды тексеруің және интерпретациялаудың құралына айналды. Бұндай әдіснаманы ұсынған И.Ньютон, Г. Галиллей сынды ғалымдардың философиямен шұғылданғандығы да белгілі.
Егер де, философияның болжалдық, танымдық, рационалды жүйелеу, сыни, гуманистік-тәрбиелік, практикалық қызметтерімен қатар әдіснамалық қызметі бар екендігін ескерсек, бұл пән таза философиялық және танымдық салада өзіндік орны бар ілім болып табылады.
Әдіснамалық қызметі ғылым философиясы саласына сәйкес, барлық ғылымдарға жолбасшылық жасап, жалпы бағдарларды, зерттеу әдістері мен әдіснамаларын жинақтап бере алады және ол ғылымдар осы бағдарлардан айнымай өзіндік зерттеу бағыттарын тиянақтайды. Мәселен, герменевтика, феноменология, структурализм сынды философиялық бағыттар қазіргі таңда көптеген ғылымдардың жалпы зерттеу әдіснамаларын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет