Саясат социологиясы қоғамда бірнеше міндеттер атқарады. Атап айтқанда, дүниетанымдық, тәрбиелік, практикалық-саяси функциялары. Саяси социологияның дүниетанымдық функциясы әрбір адамның, әсіресе саяси басшының санасына жаңаша саяси ойлауды қалыптастыру, жалпы адамзаттық құндылықтардың, жалпы адамзаттақтың топтық (таптық, ұлттық, діни, т.б.) мүдделерден басымдығын, әлеуметтік-саяси прогресстің формасы деп саналып келген күштеу мен зорлауды теріске шығару, әрбір халықтың әлеуметтік және саяси таңдау бостандығын мойындау принциптерін терең зерделеуге бағыттайды.
Саясат социологиясы саяси процестерді суреттеп, түсіндіріп, оның дамуының бағыттарына болжам жасаумен қатар, ол кәсіпкер, жартылай кәсіпкер, әсіресе маман емес саясаткерлерге қажетті білім береді. Бөл оларды саясат өз интуицияларына ғана сүйеніп жүргізуден сақтайды.
Саясат социологиясы тәрбиелік те функция атқарады. Адамдарды жауапты азаматтық міндеттерін атқаруға дайындайды. Бұл әсіресе жастарды тәрбиелеуге маңызды. Ол саяси идеялар мен нормаларды, әдет-ғұрыптарды, саяси ақпараттар мен білімді кеңінен таратуға үлкен ықпал жасайды. Сондықтан да өркениетті елдерден оқу орындарында оны оқытуға баса назар аударылады, оқыту сағаттары көбейтілген. Оқу курсымен қатар арнайы курстар өткізіледі.
Практикалық-саяси функциясы да өте маңызды. Қоғамадық білімдер жүйесінде саясат социологиясы көп жақты нақты практикаға аса жақын, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы адамдардың өзгертуші немесе консервативтік қызметіне де тым жақын. Саясат социологиясы жалпы социология ғылымының мәліметтерін қоғамдық өмірді жақсарту мақсатында іс-тәжірибеде қолданады және қолдануға тиіс. Саясаттың әр түрлі салаларымен өзара әрекетін зерттей отырып, саясат социологиясы қоғамның неғөрлым тиімді әлеуметтік-саяси құрылысы мен әлеуметтік саяси прогресі моделін іздестіру және анықтау міндеттерін іс жүзінде шешеді. Саясат социологиясының ғылыми қорытындылары мен ұсыныстары тікелей практикаға шыға алады. Оның қорытындыларын қатаң басшылыққа алса, қоғамдағы күрделі процестер мен бағыттарды дұрыс пайымдауға болады, соның негізінде саяси мәселелердің практикалық оң шешімдері жасалады.
Саясат социологиясы сияқты арнай социология теорияларында мәдениет социологиясының да маңызы зор.