дәріс Сортамент. Сортамент профильдерінің сипаттамасы



бет4/4
Дата30.12.2022
өлшемі230,43 Kb.
#164888
1   2   3   4
Байланысты:
1 - дәріс

Түйістік деп бөлшектері бірімен бірі бүйірімен немесе шетімен қосылып, бір бөлшегі екіншісінің жалғасы болатын қосылыстарды атайды. Түйістік қосылыс түзу немесе қиғаш түйістік жікпен орындалады. Аталып шыққан қосылыстардың қалғандары бұрыштық (білікшелік) жіктермен жасалады.
Қаусырмалық деп пісірілетін бөлшектерінің беттері жарым-жартылай бірімен бірі жабылып қалатын қосылыстарды атайды. Мұндай қосылыс әсіресе табақтық және керегеторлы конструкцияларда кеңінен таралған. Бастырмалармен жасалған қосылыс оның бір түрі болып табылады. Мұндай қосылыс профилі әр түрлі металдан қабылданған элементтерді түйістірген кезде және түйісті күшейту үшін қолданылады.
Каусырмалық қосылыстар пісірмелеуге элеметтерді өндеуі оңай, бірақта метал шығыны бойынша түйістік қосылысқа қарағанда үнемделігі төмендеу келеді. Мұндай қосылыстарда кернеулер шоғырлануы күрт өседі, ол динамикалық және айныма таңбалы жүктемелер әсері кезінде немесе төмен температуралар жағдайында жұмыс жасайтын құралымдарға теріс әсерін тигізеді. Keйде бастырмамен түйістік қосылысты күшейтеді, мұнымен қосылыстың құрамалы түріне ауысады.
Таврлық қосылыста бір элементтің бүйірін екіншісінің бетіне тік бұрышпен бекітеді. Бұрыштық қосылыста, өзара тікше жазықтықтарда орналасқан элементтердің бүйірлері бекітіледі. Таврлық пен бұрыштық қосылыстар орындауының жеңілдігіне, жоғары беріктігіне және үнемділігіне байланысты пісірілмелі құралымдарда кеңінен қолданылады.



Пісірілмелі қосылыстардың түрлері:
а – түйістік; б – қаусырмалық; в – таврлық; г – бұрыштық


Бақылау сұрақтары

  1. Пісірмелі жіктер құралымы бойынша қандай болуы мүмкін?

  2. Пісірмелі жіктер тағайындалуы бойынша қалай ажыратылады?

  3. Пісірмелі жіктер орындау орны бойынша қалайбөлінеді?

  4. Пісірген кезде кеңістіктегі жайы бойынша жік қандай болуы мүмкін?

  5. Пісірмелі қосылыстар пісіріленетін элементтердің өзара орналасуына байланысты қалай деп бөлінеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет