Бақылау сұрақтары Пісірілмелі құралымдардың негізгі артықшылықтарын атаңыз.
Пісірмелеудендің кемшілігін түсіндіріңіз.
4.2 Пісірмелі жіктердің және қосылыстардың түрлері Пісірмелі жіктер бірқатар белгілері бойынша бөлінеді:
1) құралымы бойынша олар түйістік және бұрыштық болуы мүмкін. Түйістік жіктер ұтымды түрі болып табылады, себебі кернеулер шоғырлануы аздау байқалады. Бірақ, жақсы пісірмеленуі үшін, олар жиектерінің қосымша өнделуін талап етеді. Жиектерін өндеу пішініне сәйкес түйістік жіктер V, U, К, Х -түрінде болады. Жіктерді өндеу өлшемдері пісіру әдісіне (қолдық немесе автоматтық), пісірленетін элементтердің қалыңдығына, жіктің сипаттамасына (біржақты немесе екіжақты) байланысты.
Түйістік жіктер пісірленетін металдар арасындағы кеңістікті балқыған металмен толтыру арқылы орындалады. Бұрыштық (білікшелік) жіктерді орындау үшін әр түрлі жазықтықтарда орналасқан пісірленетін элементтер арасындағы бұрыш балқыған металмен толтырылады. Әсер ететін өстік күштеуге параллелді орналасқан бұрыштық жіктер қапталдық, ал оған тікше орналасқаны маңдайлық деп аталады;
2) тағайындалуы бойынша пісірмелі жіктер жұмысшы және байланыстырушы-конструктивтік болып ажыратылады. Байланыстырушы жіктер құралымның беріктігіне әсерін тигізбейді. Оларды конструктивтік талаптар бойынша белгілейді. Жұмысшы жіктер әсер ететін күштеуге есептелулері керек;
3) орындау орны бойынша пісірмелі жіктер зауыттық және жинақтаулық болып бөлінеді. Зауыттық жіктер стационарлы жағдайларда құралымның жөнелтетін элементтерін әзірлегенде, ал жинақтаулық жіктер элементтерді ірілендіру жинағы кезінде құрылыс алаңында орындалады;
Құрылыстық сызбаларда пісірілмелі жіктердің шартты көрінісі
пісірген кезде кеңістіктегі жайы бойынша жік төменгі, горизонталды, тік және төбелік болуы мүмкін. Олар жіктің бойлық және көлденең өстерінің бұрылу бұрышына байланысты Мемлекеттік стандартпен белгіленеді;
Кеңістіктегі жайы бойынша пісірмелі жіктердің бөлінуі:
а – төменгі; б – горизонталды; в - тік; г - төбелік
ұзындығы бойынша пісірмелі жіктер үздіксіз, үзілмелі (шпонкалы) болып бөлінеді.
Пісірмелі қосылыстар пісіріленетін элементтердің өзара орналасуына байланысты түйістік, қаусырмалық, бұрыштық, таврлық және құрамалы болып бөлінеді.