дәріс Сортамент. Сортамент профильдерінің сипаттамасы



бет1/4
Дата30.12.2022
өлшемі230,43 Kb.
#164888
  1   2   3   4
Байланысты:
1 - дәріс


1 – дәріс


3.1 Сортамент. Сортамент профильдерінің сипаттамасы

Металлургиялық зауыттар жеткізіп тұратын профильдердің тізімі сортамент деп аталады. Сортаментте профильдердің негзгі геометриялық сипаттамалары, қимасының түрлері, ауытқу шегінің шамалары және ұзындық бірлігінің массасы келтіріледі. Болат профильдер прокаттаумен, суық күйінде табақтарды майыстырумен және пісірумен (болат құбырлар, тұйықталған жұқа қабырғалы профильдер, қоставрлар) алынады.


Болат құралымдардың алғашқы элементі болып табылатыны - - прокатталған болат. Ол екі топқа бөлінеді - табақты болат және фасонды, яғни профильді болат. Табақты болаттың құрамына жұқа табақты, қалың табақты, кең жолақты, универсалды және кедір бұдырлылар кіреді. Ал, фасондыға, яғни профильдіге бұрыштамалар, швеллерлер, қоставрлар, таврлар, құбырлар кіреді.

Профильдердің негізгі түрлері:
а – тілім (полоса); б – тең бүйірлі бұрыштама; в – бүйірлері тең емес бұрыштама; г – швеллер; д – профилі қалыпты қоставр; е – кеңсөрелі қоставр және тавр; ж – пісірілген құрама қоставр; 3 - құбыр

Дайын прокатты профильдердің бар болуы және оларды зауыттарда машинамен өңдеу құралымдардың әзірлеуін индустрияландыруын қамсыздандырады.


Профильдердің әр түрлілігі және де бір түрлі профиль өлшемдерінің жиіленген градациясы құралымдардың үнемді жобалауына мүмкіндік береді.
Әр түрлі профильдердің бағасы өзгеше болады. Ең арзаны болып табылатындары табақтық болат, прокатты қоставрлары мен швеллерлер. Сондықтан олар құрылыста кең таралып келеді. Жобалаған кезде қолданылған профильдердің түрлері көбейтілген сайын металл құралымдар зауытының сорттау, қоймалау, тасымалдау бойынша жұмыстарының көлемі де арта түседі. Құралымдарды әзірлеу кезіндегі жұмыс көлемін азайту мақсатымен, құрылыс құралымдарын жобалау үшін жиі қолданылатын және үнемді профильдерден құрастырылған, қысқартылған сортаменттер еңгізілген.
Прокатты профильдер үшін прокаттау технологиясы қабырғасының жіңішкелігін 4 – 6 мм-мен шектейді. Сондықтан аралығы үлкен майысатын элементтерде прокатты профильдердің орнына жұқа қабырғалы пісірілген арқалықтарды қолданған ұтымдылау болуы мүмкін, себебі оларда қабырғасының жіңішкелігі шектелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет