Жоғары май қышқылдары адам өміріне қажетті майдың құрамында кездеседі. Ең маңыздысы – пальмитин C15H31COOH және стеарин C17H35COOH қышқылдары.
Оларды майларды гидролиздеу арқылы және алкандарды катализдік тотықтыру арқылы алады.
Жоғары май қышқылдарының тұздарын сабын дейді. Натрий сабыны С15H31COONa қатты; калий сабыны C17H35COONa сұйық.
Сабын алудың негізгі әдісі майларды сілті ерітіндісімен гидролиздеу арқылы алу. Соңғы кездері сабынды алу үшін, майды сілті қатыстырмай сумен гидролиздеп, жоғары май қышқылдарын алады, оларды содамен әрекеттестіріп, сабынға аударады.
2C15H31COOH+Na2CO3→2C15H31COONa+CO2+H2O
Қазіргі кезде, сабын дайындауға жұмсалатын май мөлшерін азайту үшін, синтетикалық жуғыш заттар қолданылады.