Дәріс тақырыбы : Қаныққан монокарбон және дикарбон қышқылдары



бет1/2
Дата14.12.2021
өлшемі1,19 Mb.
#100555
  1   2
Байланысты:
5. daris tak r b kan kkan monokarbon zhane dikarbon k shk ldar (1)
ИКТ лекция Искакова Салтанат Х21, ИКТ лекция Искакова Салтанат Х21

  1. 1. №5. Дәріс тақырыбы: Қаныққан монокарбон және дикарбон қышқылдары

2. Оқу нәтижелері: Қаныққан монокарбон және дикарбон қышқылдарының алыну жолдарымен танысады

  1. 3. Дәріс жоспары:

  2. 1. Қаныққан монокарбон қышқылдары.

  3. 2. алыну жолдары

  4. 3. физикалық қасиеттері

  5. 4. химиялық қасиеттері

  6. 5.маңызды өкілдері

  7. 4. Дәріс тезистері




  1. М олекула құрамында карбоксил топшасы –COOH бар көмірсутек туындыларын карбон қышқылдары деп атайды.









  2. Карбон қышқылдары құрамындағы карбоксил топшасының санына қарай бір негізді(монокарбон), екі негізді (дикарбон), көп негізді (поликарбон) болып бөлінеді. Карбоксил топшасы байланысқан радикалдың сипатына қарай қаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары болады. Карбон қышқылдарының молекуласында кездесетін басқа функционалдық топшаларға қарай оларды: аминқышқылдары, оксиқышқылдар, оксоқышқылдар деп бөледі.

  3. 1. Қаныққан монокарбон қышқылдары.

  4. Изомериясы. Номенклатурасы.

  5. Жалпы формуласы: CnH2n+1COOH

  6. Х алықаралық номенклатура бойынша қышқылдарды сәйкес келетін алканнның атына «қышқыл» деген сөзді қосып атайды. Рационалды номенклатура бойынша қышқылдарды сірке қышқылының туындылары ретінде атайды. Карбон қышқылынан ОН топшасын үзіп алғанда қалатын қалдықты ацил топшасы немесе қышқыл радикалы деп атайды:






  7. қосылыстар


    Х.н.



    Р.н.

    H-COOH

    Метан қышқылы

    -

    CH3-COOH

    Этан қышқылы

    Сірке қышқылы

    CH3-CH2-COOH

    Пропан қышқылы

    Метилсірке қышқылы

    CH3-CH2-CH2-COOH

    Бутан қышқылы

    Этилсірке қышқылы

    CH3-CH(CH3)-COOH

    2-метилпропан қышқылы

    Диметил сірке қышқылы

    CH3-(CH2)3-COOH

    Пентан қышқылы

    Пропил сірке қышқылы

    CH3-CH2-CH(CH3)-COOH

    2-метилбутан қышқылы

    Метилэтил сірке қышқылы

    CH3-C(CH3)2-COOH

    2 ,2-диметил пропан қышқылы

    Үшметил сірке қышқылы



  8. 2 . Қаныққан монокарбон қышқылдардың алыну жолдары

  9. 1. Біріншілік спирттерді тотықтырып, альдегид оны ары қарай тотықтырып, қышқыл алады:







  10. 2. Алкандарды жоғары температурада және қысымда катализатордың қатысуында тотықтыру арқылы қышқылдар алады.

  11. 3. Өнеркәсіпте қышқылдарды оксосинтез әдісімен алады.









  12. 4. Карбон қышқылдарын, геминалды үшгалогеналкандарды, нитрилдерді, кейде қышқылдардың күрделі эфирлер мен амидтерін де гидролиздеу арқылы алады:









  13. 5. Металлорганикалық қосылыстар СО-мен әрекеттесіп, қышқыл тұздарын түзеді:

  14. CH3-MgCl+CO2→CH3-COOMgCl

  15. Алынған тұздарға минералды қышқылдармен немесе сумен әрекет етіп, қышқыл алады:

  16. CH3COOMgCl+HCl→CH3COOH+MgCl2

  17. 6. Майларды гидролиздеу арқылы жоғары май қышқылдарын алады.



  18. 3. Қаныққан монокарбон қышқылдарының физикалық қасиеттері

  19. Карбон қышқылдарының төменгі өкілдері өткір иісті (С13), түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді. С49 арасында болып келетін қышқылдар жағымсыз иісті, май тәріздес сұйықтықтар. Қышқылдардың қайнау температурасы молекулалық массалары өскен сайын артады.

  20. 4. Қаныққан монокарбон қышқылдарының химиялық қасиеттері

  21. 1 . Барлық карбон қышқылдары көк лакмус қағазын қызыл тске бояйды. Протонды бөліп, диссоциацияланады.

  22. 2. Карбон қышқылдары металдармен, олардың оксидтері және гидроксидтерімен тұздар түзеді:

  23. а) 2CH3COOH+2Na→2CH3COONa+H2

  24. б) CH3COOH+NaOH→CH3COONa+H2O

  25. 3 . Галогенангидридтердің түзілуі. Карбоксил топшасындағы –ОН топшасы спирттер секілді фосфор галогенидтерінің және тионил хлоридінің әсерінен галогенге алмасып, қышқыл галогенангидридтерін түзеді:

  26. 4. Ангидридтердің түзілуі.







  27. 5 . Қышқыл буын аммиакпен қосып, су тартқыш катализатордың үстінен өткізгенде, қышқыл амидтері түзіледі:







  28. 6. Карбон қышқылдары спирттермен ортада әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді, этерификациялану реакциясы:

  29. CH3COOH+HO-C2H5→CH3-COOC2H5+H2O



  30. Этерификациялану реакциясының механизмі:













  31. 7. Қышқылдардың галоген туындыларының түзілуі.







  32. 5. Қаныққан монокарбон қышқылдарының маңызды өкілдері

  33. Құмырсқа қышқылы – өткір иісті, түссіз сұйықтық. Денеге тисе, күйдіреді, оның буы тыныс жолдарын тітіркендіреді. Еріткіш ретінде органикалық синтезде және аналитикалық химияда кеңінен қолданылады.

  34. Сірке қышқылы – өткір иісті, суда жақсы ериді, тссіз сұйықтық. Сірке қышқылы бояу, тамақ, былғары, дәрі-дәрмек өндірістерінде қолданылады.



  35. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет