Дәріс тақырыбы. Бағдарламалау тілдері және алгоритм ұғымына кіріспе. Дәріс жоспары


Бағдарламалау тілдеріне қойылатын талаптар мен олардың классификациясы



бет2/4
Дата23.11.2022
өлшемі34,89 Kb.
#159511
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûáû. Áà?äàðëàìàëàó ò³ëäåð³ æ?íå àëãîðèòì ??ûìûíà ê³ð³

2 Бағдарламалау тілдеріне қойылатын талаптар мен олардың классификациясы
Бағдарламалаудың алгоритмдік тілдерінің мақсаты– математикалық және логикалық мәндер мен операцияларды адамның да, компьютердің де математикалық моделімен (математикалық шамалардың жиыны) көрсетілген есепті бір мәнді және дұрыс шеше алуы үшін сипаттау.
Алайда алгоритмдік тілдегі сипаттау адамның табиғи тіліндегі сипаттауы да мәндердің көптілігінен зардап шегуі мүмкін. Әр түрлі алгоритмдік тілдерде сипатталған есептеу процедураларының кезектілігі бірдей дұрыс нәтижеге әкелуі мүмкін, бірақ түрлі командаларды қажет етеміз, демек машина уақыты шығындарын аңғарамыз. Сөйтіп, әр түрлі тілдегі бағдарламаны құру бағдарламашылардың әр түрлі біліктілігін және олардың еңбегінің шығынына әкеліп соғады. Демек, бағдарламалаудың алгоритмдік тілін жасау үшін логика да, білім де, шығармашылық та, өнер де, математикада қажет. Сонымен қатар бір топтағы есептерді бағдарламалауға арналған тіл есептердің басқа тобына қолданылу мүмкіндігінің жоқ болуы ықтимал. Ол тіл машиналардың бір түрімен тиімді, ал екінші машиналармен қолданылу барысында сәтсіздікке келіп тірелуі әбден мүмкін.
Бұл жағдай бағдарламалау тілдерінің жүздеген немесе мыңдаған нұсқаларының дамуына жағдай жасайды. Ешкім де неше бағдарламалау тілдерінің бар екендігіне жауап бере алмайды, соның өзінде көптеген елдерде әр түрлі институттар мен фирмалар жаңа тілдерді құруда.
Бұған қарамастан бағдарламалау тілдеріне деген қойылатын талаптарды топтауға болады және сол тілдерді олардың ерекшеліктері бойынша бөлуге болады.
3. Алгоритмнің сипаттамасы, қасиеттері, типтері, жазу ережесі

Кез келген есепті шешу - берілген алғашқы мәліметтерді пайдаланып, нәтиже алуды талап етеді, яғни есепті шешу алгоритмі алғашқы мәліметтерді бірте-бірте тұрлендіру арқылы нәтиже алу жолын сипаттайды.


Көздеген мақсатқа жетуге, қойылған мәселені шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы алгоритм деп анықталады.
«Алгоритм» сөзi мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ере­же, тәртiп, заң, жоба сөздерiне синоним болып келедi, Алгоритм сөзi Орта Азияның орта ғасырлык ұлы ғалымы - Mухамед ибн Mұса. Хорезмидiң атымен байланысты шыққан.
Қойылған мәселені шешудің дұрыс алгоритмі мынадай негізгі қасиеттерге ие болуы тиіс: анықтылық, нәтижелілік, жалпыламалық, дискреттік.
Алгоритмнің анықтылығы дегенде оның әрбір адымы әртүрлі түсінікке жол бермейтін, дәл және анық түжырымдалған ережені түсінеміз.
Алгоритмнің нәтижелілігі деп санаулы қадам жасалған соң қарастырылған мәселенің не шешімі табылатынын, не шешімі жоқтығы анықталатынын айтады.
Алгоритмнің жалпыламалық қасиеті бойынша дайын алгоритммен жеке бір есепті ғана емес, осы есеп класына тиісті кезкелген есепті шығару мҺмкін болуы тиіс.
Алгоритмнің дискреттілігі деп алгоритммен анықталған есептеулерді жекеленген кезеңдерге (қарапайым амалдарға) жіктеуді ұғамыз.
Алгоритмді

  • қарапайым тілмен (cөзбен және формулалар арқылы) жазып көрсетуге

  • схема (графиктік жол) арқылы кескіндеуге

  • алгоритмдік тілде (программалау тілінде) жазуға болады.

Сонымен, әрекеттер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, оның әрбір әрекеті-қадамы, әрбір нұсқауы – алгоритмнің командасы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет