Алгоритмдерге қойылатын негізгі талаптар. Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өңделуі тиіс. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың мынадай түрлері қабылданған:
табиғи тілдегі жазылуы;
белгілі бір түйінді сөздер – терминдер (псевдокодтар – жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;
графиктік жолмен (блок – схема арқылы) жазу.
програмалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Ал алгоритмді екінші көрсетілген жолмен жазу, қарапайым алгоритмдік тіл деп аталып, кеңінен қолданылып жүр. Мұны олардың ағылшын тіліне негізделіп жасалған программалау тілдеріне жақындығымен түсіндіруге болады.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Оны сызу ғана уақыт алады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты айқындалған. Алгоритм схемасын оның блок-схемасы деп атайды.
Блок-схемада пайдаланылатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады. Байланыс сызықтары тармақталған жағдайда оның бағытын көрсету үшін бағыттауыш белгісі қойылады. Блок-схема құрудың төмендегідей ережесі бар:
блок-схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсетіп тұратын блок болуы керек;
блок-схемада бірімен-бірі қосылмай қалған блоктар болмауы керек;
блок-схемада блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;
арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ғана ену, бір ғана шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет. Ал алтыбұрышты фигурамен берілген цикл басы блогының екі ену және екі шығу сызығы болады.
Блоктар шартты және шартсыз деп екі топқа бөлінеді. Шартсыз блоктар - есептеу-меншіктеуді атқаратын арифметикалық блок, мәліметтерді енгізу, баспаға беружәне есептеуді бастау және аяқтау блоктарынан тһрады.
Шартты блок алгоритмде шартқа байланысты тармақталуды немесе қайталануды көрсету үшін қолданылады.