Дәріс тақырыбы:
Медициналық ерітінділер.
Сұйық дәрілік үлгілер дәрілік заттары сұйық дисперсті
ортада таралған күйде болатын сұйық дисперсті жүйелер болып
табылады. Мұндағы дәрілік заттар үш түрлі агрегаттық күйде
болады: қатты, сұйық және газ күйінде. Дисперсті фазаның
(дәрілік заттың) майдалану дәрежесіне және оның дисперсті
фазамен байланысуына қарай сұйық дәрілік үлгілер тӛмен- және
жоғары молекулалы қосылыстардың шын ерітіндісі, коллоидты
ерітінділер, суспензиялар мен эмульсиялар немесе осы жүйелер
түрінің бірігуінен түзілген жүйелер болып бӛлінеді. Сұйық
дәрілік үлгілердің түрлілігіне сонымен қоса, сұйық ортаның түрі
мен табиғаты да едәуір әсер етеді.
Сұйық дәрілік үлгілерді құрамына қарай жай (құрамына бір
ғана дәрілік зат кіреді) және күрделі (құрамына бірнеше
компонент кіреді) деп, ал сұйық ортаның табиғатына байланысты
сулы және сусыз деп ажыратады.
Медицинада пайдалану түріне қарай сұйық дәрілік үлгілерді
сыртқы, ішкі және инъекциялы қолданылатын деп бӛледі. Ішке
пайдаланылатын барлық сұйық дәрілік үлгілерді
микстуралар
(лат. mixturae-араластыру) деп атайды. Бұл жағдайда тек су ғана
дисперсті орта бола алады. Оларды, әдетте, қасықпен ғана
мӛлшерлейді. Сыртқа пайдаланатын сұйық дәрілік үлгілерге
12
шаймалау
жатады. Бұл жағдайда сұйық орта судан басқа этанол,
глицерин, майлар және басқа да сұйықтар бола алады.
Сұйық дәрілік үлгілердің ішінде концентрацияға және
мӛлшерлеу әдісіне қарай ішке және сыртқа қабылданатын
тамшылар (guttae) қолданылатын үлгілер ерекше орын алады.
Оларды дайындау технологиясы қарапайым сатылардан –
араластыру мен ерітуден тұрады. Үлкен ӛндірістік жағдайда бұл
сатылар араластырғыштары бар және қажет болса (глицерин және
майлар), ысытуға арналған қондырғыларда жүзеге асырылады.
Сүзу кӛбінесе, қысым астында (сүзгіш-пресстер) жүргізіледі.
Дайын ерітінділер жекелеген кішігірім ампулаларға (50 мл-ге
дейін) бӛлінеді.
Ерітінділер мен тамшылар белгілі әдістемелерге сәйкес
дайындалады.
Сұйық дәрілік үлгілердің дисперсті жүйелердің түріне
байланысты жіктелуі
Жүйенің
сипаттамасы
Дисперсті
фаза
Дисперсті
фазадағы
бӛлшектердің
ӛлшемі
Дәрілік
үлгілердің
мысалдары
Тӛмен
молекулалы
қосылыстардың
шын ерітінділері
Иондар,
молекулалар
1 нм
Глюкоза,
натрий
хлориді,
магний
сульфаты
ерітініділері
Жоғары
молекулалы
қосылыстардың
шын ерітінділері
Молекулалар 1-100 нм
Пепсин,
желатин
ерітініділері
Коллоидты
ерітініділер
Мицеллалар
1-100 нм
Колларгол,
протаргол
ерітінділері
Суспензиялар
Қатты
заттардың
бӛлшектері
0,1-50 мкм
Күкірт,
магний оксиді
суспензиялары
13
Эмульсиялар
Сұйықтардың
бӛлшектері
1-150 мкм
Касторлы
және шабдалы
май
эмульсиялары
Біріккен
Тұндырмалар,
нәр сулары
Негізгі әдебиеттер: (1-6).
Қосымша: (7-13).
Достарыңызбен бөлісу: |