Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы
және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен
ұғымдар.
Дәрілік
препараттардың
технологиясы
–
дәрілерді
дайындаудың ӛндірістік үрдістерінің
техникалық заңдылықтары
мен теориялық негіздерін қамтитын ғылым.
Дәрілер бір немесе бірнеше бастапқы заттардан жасалады.
Қазіргі кездегі фармация саласындағы дәрілік препараттардың
түрлері кӛп. Олардың барлығы табиғаты бойынша жекелеген
химиялық заттар немесе кӛптеген заттардан тұратын (қосынды)
препараттар деп ажыратылады.
Бірінші топ препараттарына бағытты химиялық синтез
нәтижесінде алынатын ӛнімдер жатқызылады. Сонымен қатар бұл
топқа дәрілік ӛсімдіктен (алкалоидтар, гликозидтер, т.б.)
немесе
жануартекті шикізаттан (адреналин, инсулин, пепсин және т.б.)
таза күйінде бӛліп алынатын табиғи фармакологиялық белсенді
заттар және табиғи антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин,
грамицидин, т.с.с.)де кіреді.
Екінші топ препараттары да кӛп: олардың ішінде, негізгілері
галенді препараттар
болып табылады. Мұндай препараттар
(экстракт, тұндырмалар,
ароматты сулар, т.б.), негізінен,
құрамына химиялық табиғаты әртүрлі фармакологиялық белсенді
заттары бар табиғи ӛсімдіктекті дәрілік шикізаттардан алынады.
Олардың ішініде ж
аңагаленді препараттар
ерекше топты
құрайды.
Дәрілік заттарды немесе олардың
қосындысын тек оларға
белгілі бір күй, пішін беріліп, оларды қабылдау тәсілі (ауыз
қуысы
арқылы,
қантамыр
арқылы,
тері
бетіне,
т.б.)
белгіленгеннен кейін ғана дәрілік препарат ретінде қарастыруға
болады.
Дәрілік заттардың осындай рационалды күйін (белгілі бір
агрегатты күй, дисперсті жүйе түрі, кей жағдайда геометриялық
пішін, т.б.)
дәрілік үлгі
деп атайды. Мұндай күйде дәрілік
препараттар қажетті емдік немесе
профилактикалық әсерін
кӛрсетеді және қолдануға және сақтауға ыңғайлы түрі болып
табылады. Осылайша, дәрі бір немесе бірнеше дәрілік заттардың
біріккен және оған белгілі бір пішін берілген түрін
дәрі
деп
атайды.
2
Дәрілік препараттың үлгісі оның емдік эффектісіне едәуір
түрде әсер етеді. Қате, яғни бастапқы заттардың физикалық және
химиялық қасиеттерін ескермей жасалған дәрілік үлгінің ағзаға
әсері ӛте тӛмен не мүлде болмауы мүмкін. Нәтижесінде бағалы
дәрілік препараттар науқасқа ешбір әсерін кӛрсетпейді.
Дәрілік
үлгіні таңдау дәрілік заттың пайдалы эффект кӛрсету және оның
ағзадан шығарылу жылдамдығына да әсер етеді. Белгілі бір
дәрілік үлгіні пайдалана отырып, дәрілік заттың мұндай
қасиеттерін реттеуге болады, мәселен, бір жағдайда тез терапевтік
әсерге, ал
басқа жағдайда, керісінше, ұзартылған әсерге қол
жеткізуге болады.
Биофармация
– дәрілік препараттардың ағзаға терапевтік
әсер
етуінің
әр
түрлі
факторларға
(фармацевтикалық,
биологиялық, т.б.) байланысын зерттейтін ғылым. Қазіргі дәрілік
үлгілерді дайындау технологиясында биофармация тиімділігі
жоғары дәрілік
препараттарды іздестіру, жасап шығару және
зерттеудің ғылыми негізі болып табылады.
Американ ғалымдары Леви мен Вагнер биофармацияның
негізін қалаушылар деп есептеледі. Осы ғалымдардың
еңбектерінің арқасында «биофармация» ұғымы қабылданған.
Биофармацияның ӛзіне тән ұғымдары бар,
солардың
кейбіреулерімен танысып ӛтейік: