Дәріс тақырыбы Дәріс саны саны



бет23/35
Дата06.02.2023
өлшемі221,91 Kb.
#167654
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
Саясаттану Дәрістің қысқаша мазмұны

3.Саяси жетекшілік.Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.
Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндіреді.Қазір саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға ,қозғалысқа,мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси топ бастаушылар,әдетте мынадай қызметтерді атқарады:қоғамныңтүбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп,мүдделерін үйлестіру,топтастыру;халықтың,топтардың қажеттіліктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау;қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінайқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен әр түрлі ұйымдар,топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің,заңдылықтың,тәртіптің кепілі болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар оқиғалар кездеседі.Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады.Сонымен қатар топ бастаушы өзін- өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндіктерболуға тиіс.Оған пікір еркіндігі,көппартиялық,парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру,тағы басқалар жатады. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси айының таласы,бәсекесі толассыз жүріп жатады.Ал тотолитарлық және аворитарлық жағдайда саяси көсемдер емес,диктатура,номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік басына демократиялық жолмен,жетекшілікке жету заңдылықтары арқылы емес,қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем ) болудың 2жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.
Саяси жетекшіге қарама -қарсы ұғым -саяси бастаушы, көсемсымақ.Ол ұғым ХIХ ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа,қастыққа,қорқынышқы,үрейге,өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігінде шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай,ығында жүреді.
Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып өзінің атын шығарады,мансап құрады. Өйткені көпшілік,әдетте,жасампаздықтан гөрі қиратып,бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабылдайды.
Өмір дәлелдегендей,кейбір саяси бастаушылардың тағдыры кездейсоқ туады. Олар өз басының іскерлігі,абыройының арқасында емес, белгілі бір тарихи уақытта белгілі бір желіге (струя) кез келіп қалудан.
Бұрынғы Кеңес Одағының күйреуі, егемендік алған республикалардағы өмірдің демократиялануы саяси жетекшілерге сұранысты көбейтті.Оның үстіне бұрын орнаған байланыстардың үзілуі,нағыз нарықтық реттеу тетіктерін жете білметтік және т.б. себептер өндірістің құлдырауына,халықтың әл-ауқатының нашарлауына әкеліп соқтырады. Мұның бәрі жұртшылықтың наразылығын тудырда.Соның нәтижесінде саяси және әлеуметтік жағынан пісіп жетілмеген көсемсымақтар пайда болады. Бұл шынайы өмірді және қолда қолда бар тәжірибені зер салып зерттеуді, саралауды талап етеді.
ТМД елдеріндегі ереуілдер көрсеткендей, саяси бастаушы болу оңай да, сенімсіз де. Себебі “сүйікті” деп тауып, қолпаштап көтерген жұрт егер айтқанын істеп,дегеніне жүрмесе немесе өзіндік бөлек іс- әрекет жасаса,сырт айналуы оп-оңай.
Саяси көсемді саяси бастаушыдан (көсемсымақтан) қалай айыруға болады? Ол қиын емес.Оның негізгі ерекшелігі- саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.
ХIХ ғасыр аяғында ақ саясаткерлердің арасында бұл туралы пікірлер айтылған.Егер халық көсемінің идеяларын толығымен түсініп,қабылдаса, онда оның керегі не? Мұндай жағдайда ол не халық арасында сіңіп кетуі керек немесе жаңа идеялар ұсынып және оның жүзеге асу тетіктерін көрсетіп,өзінің алдыңғы қатарлы рөлін әрқашан дәледеп отыруы керек.Яғни саяси көсем халықтың мақсат-мүддесін жай ғана біліп, жинап құптап қана қоймай, оларды жаңаша ұғынып,дамытып дәлелдеп,түзетіп отыруы керек.
Саясаткерлердің жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, аяси сенімде білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердің тарихта қалуына олардың саяси бағдарламаларының пайдалы, жемісті, өзіндік ерекшеліктері себепші болды.
Саяси тұғырнаманың жаңашыл, бәсекелестікке тойтарыс бере аларлықтай “күшті” болуы үшін мынадай талаптарға жауап беруі керек.Ең алдымен, әр түрлі әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктердің басын қосып,олардың қолдауын қамтамасыз ететін,бірден көзге түсерлік басты мақсаты болғаны шарт. Екіншіден, қойған мақсатқа жетудің терең талданған тетігі, нақтылы жолдары көрсетілуі тиіс.Үшіншіден, егер бағдарламада көрсетілген мақсаттар орындалғанжағдайда ол әрбір сайлаушыға,отбасына,ұжымға қандай экономикалық, әлеуметтік, рухани игіліктер әкелетіні түсіндірілгені жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет