2.Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері. Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы-- халықтың әл ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі.
Біраз жағдайда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағылар әр түрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халық мүддесін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп тұр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін. Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.
Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.
Дау -жанжалдарға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспей үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.
Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, “ неістесең соны істе” деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.
Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалдарға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
Зорлық негізінде бітістіру, келістіру.Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
Аралық сот немесе ардбитраждық сараптау әдісі.Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еркілерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақ та мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.
3.Этносаяси жанжалдар. Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы дау-дамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шараларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі-- этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүкін. Ондай этнос негізі үш мақсатты алға қояды:
автономия мен өзін-өзі қамтамасыз ету;
белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
өз мәдениетін жалпы мемлекеттік мәдениеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі -түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Англия, грузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы және т.с.с. Жанжалдар.Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық мемлекеттік құрылым мәселелерінің және т.б.б жатыр.
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі—этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының тағдарана қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік.Оның болашағы қалай деп мазасыздану.
Әдете ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдеріне ойнап, наразылық тудырады.
Ұлтаралық саясат саласында біздің елемезде бірталай іс істелуде.1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә:Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикалық барлық ұлттық- мәдени орталықтарды қамтиды. Ұлттық саясат саласында жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды. Мысалы, “Қоғамдық бірлестіктер туралы”, “Мәдениет туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” және т.б. Заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке жіберді.
Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 ж. Казимарчук деген содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандық арнаулы органдар дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз еді.Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патриотизмді, ұлтжандықты, отансүйгішті республика тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап,оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озық еңбек етуіміз керек.