Дәріс тақырыбы Дәріс саны саны



бет33/35
Дата06.02.2023
өлшемі221,91 Kb.
#167654
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Саясаттану Дәрістің қысқаша мазмұны

Құрылымдық бейімделу.Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды. Оған индустриализацияландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы,жұмыс бастылық құрылымның түбегейлі өзгеруі,білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, қоғамның әлеуметтік жіктелу құрылымының өзгеруі және т.б. жатады.

  • Азаматтық.Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі—азаматтылық, азаттық құқықтар.Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған.

  • Саяси қатынасу.Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі---сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыптасады. Олар халықтың саяси өміріне қатынасуына көмектесіп,тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді.

  • Қазіргі адам.Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа -тайпаның шеңберінде ғана іс-әрекет етпейді.Мемлекеттік,ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып,өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады.

    2.Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар.
    Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты бар.
    Біріншісі----өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер ажатады.Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болыпесептеледі.Ал осы жолды кецін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, “қуалай дамушы” мемлекеттер ретінде қарайды.
    Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгерту, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрынна келе жатқан және кең тарағанының бірі----бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейде елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларға соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да кәзіргі жоғарғы индустриялды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.
    Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; б) Батысқа бейімделу “үшінші елдердің” табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; в) бұл елдер дамыған Батыс Европа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынастың, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылдаған.
    60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысына бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болды. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.

      1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.

      2. Ә р түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлерді, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.

      3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылуы және мәдени ерекшеліктері.Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.

    Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды.Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. “Қуалай дамумен” қатар “жарым-жартылай”, “Тығырыққа тірейтін” бейімдеушіліктер жөнінде де айтыла бастады.
    Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс иен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін,ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты.Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет