Дәріс тақырыбы: «Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау»



Дата15.03.2020
өлшемі50,5 Kb.
#60209
Байланысты:
Әлеуметтану тапсырмалар

Дәріс тақырыбы: «Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау»
Әлеуметтанулық бiлiмнiң шеңберінде арнайы, жеке әлеуметтанулық теория – девиантты мiнез-құлық әлеуметтануы қалыптасып, дамуда. Ғылымның бұл саласының негізін қалаушы болып Эмиль Дюркгейм есептеледi, сондай-ақ, оның дамуына Р. Мертон, А. Коэн, Т. Селлин, Г. Беккер, Д. Китсус, К. Эриксон, т.б. ғалымдар әсерін тигізді. Әлеуметтанулық бiлiмнiң бұл саласы қоғамдағы девиантты (лат. deviatio – ауытқу) мiнез-құлқын зерттеуге бағытталған.

Әлеуметтануда девиантты мiнез-құлыққа өте көп анықтама берiледi. Көбiнесе «девиантты мiнез-құлық қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен типтерге сәйкес келмейтiн әрекеттер» ретінде анықталады.

Тар мағынада девиация дегеніміз индивидтiң немесе адамдар тобының нормалардан жағымсыз ауытқуы (мысалы, заңнан ауытқу). Н. Смелзердiң ойынша, девиантттылық – бұл iс-әрекеттердiң әлеуметтiк күтулерге сай келуi немесе келмеуi, сонымен бiрге, «топтың нормаларынан ауытқуы болып табылатын және оқшаулауға, емдеуге, түзетуге немесе басқа жазаға әкеп соғатын мiнез-құлқы».

И. С Кон бойынша девиантты мiнез-құлық екi үлкен категорияға бөлiнедi. Бiрiншiден, девиантты мiнез-құлық – бұл психикалық денсаулық нормаларынан ауытқу, мұның негiзiнде анық немесе көрiнбейтiн психопатология жатыр. Екiншiден, девиантты мiнез-құлық қоғамға қарсы мiнез-құлық болып табылады. Мұның негiзi әлеуметтiк, мәдени және құқықтық нормалардан ауытқу арқылы құрылады.

Бұл әрекеттер аса маңызды болмаған жағдайда оларды құқық бұзушылық деп атайды. Ал қатал және қомақты жазаланатын әрекет болса оны қылмыс деп атап, әңгiме делинквенттi мiнез-құлық туралы болады. Сонымен делинквенттi мiнез-құлық дегенiмiз ресми белгiленген нормалардан ауытқу [9] .

Әлеуметтiк күрделi ауытқуды «әлеуметтiк патология» деп атайды. Мұның салдарынан қоғам мен тұлға мүдделерiне үлкен зиян келедi. Әлеуметтiк патологиялық құбылыстар деп қоғам үшiн едәуiр қауiптi әлеуметтiк ауытқуларды, мысалы, қылмыс, нашақорлық және миға зиян келтiретiн заттарды пайдалану, өзiн-өзi өлтiру, алкоголизм және т.б [10].

Я. И. Гилинскийдiң айтуынша, әлеуметтiк ауытқу қоғамға пайдалы да болуы мүмкiн. Оның мысалы жаңалық енгiзу, әлеуметтiк шығармашылықты жатқызады. Көбiнесе девиантты мiнез-құлықты бұзылған норманың түрiне байланысты (құқық, мораль, дiни, саяси, т.б. нормалар) бөледi. Сонымен бiрге сыртқы ортаға бағытталған экстравертивтi (ол мiнез-құлық мақсатты немесе аффективтi болуы мүмкiн, мысалы, қинау себебiнен қылмыс жасау) және өз-өзiне бағытталған интравертивтi мiнез-құлықтарды бөледi (мысалы, iшу, нашақорлық,өзiн-өзi өлтiру).

Сондай-ақ, девиантты мiнез-құлықтың институционалданған формалары, яғни оны мәдениет элементi ретiнде қарау, кең таралған мысалы өзiн-өзi өлтiру, (харакири, сати, т.б.), жезөкшелiк (ежелгi храмдар), наша қабылдау салттары.

Ауытқу адамдар санасы мен мiнез–құлқында бiртiндеп қалыптасады, сондықтан «алғашқы және екінші ретті девиация» түсiнiктерін бөледі. Алғашқы девиация – маңызды емес немесе адамгершiлiкке жатпайтын әрекеттер жасауды білдіреді. Кейбiр ауытқуларға қоршаған адамдар көз жұма қарайды, ал кейбiр ережелердi мойындамайтын адам өзiн оларды бұзушы ретінде қарастырмайды. Бiр уақытқа дейiн мұндай әрекеттерге мән берiлмейдi, мысалы, спирттiк iшiмдiктердi кездейсоқ адамдармен iшу.

Ауытқу мiнез–құлқының екiншi деңгейiнде адамды қоршаған әлғуметтiк орта немесе ресми ұйымдар ашық түрде мораль мен құқық нормаларын бұзушы деп мойындайды. Мұның нәтижесiнде оның әрекеттерiне белгiлi бiр жауап болады. Ауытқу мiнез-құлқын қарастырғанда жеке және топтық девиация түрлерін бөлуге болады. Жеке девиация мораль мен құқық нормаларын бiр адамның бұзуын айтады, ал топтық девиация кей әлеуметтiк топтың әрекетiнiң бейнесi болып табылады, мысалы, қылмыстық топ немесе жағымсыз секталардың субмәдениеті. Ғылыми әдебиеттерде ауытқу мiнез-құлығын зерттеуге бағытталған теориялық концепциялар өте көп. Кем дегенде үш теориялық-методологиялық көзқарасты айтуға болады, бұлар әлемдiк әлеуметтануда және психология шеңберiнде дамыды. Бiрiншiден, әлеуметтiк құрылымдық әдiс, бұл ең алдымен Маркс пен Энгельстiң әлеуметтiк дау теориясы мен экономикалық детерминизм теориясын, құрылымдық функционализм теориясын, әлеуметтiк дезорганизация мен аномия теориясын қамтиды. Екіншіден, девиантты мiнез–құлықты зерттеудегi мәдениеттанулық көзқарас, оған Р. Мертонның социомәдени аномия теориясы, Т. Селлиннiң мәдениеттер конфликтiсi теориялары жатады. Үшіншіден, тұлғалық көзқарас – Ч. Ламброзоның антропологиялық үлгiсi, Э. Сатерлендтiң дифференциациалану теориясы, Э. Фроммның әлеуметтiк сипат және және адамның деструктивтiлiк теориясын енгiзуге болады.

Рұқсат етілген, яғни қоғаммен мақұлданған мінез-құлық деңгейінің маңызды көрсеткіштері болып қоғамның, топтар мен индивидтердің мәдениетінде, өмір сүру салтында бекітілген әлеуметтік нормалар табылады, олардан ауытқуды патология ретінде қарастырады.

Санкциялар – әлеуметтік нормалардың сақталуына кепілдік беретін жазалаулар мен марапаттаулар. Құндылықтар – жақсылық, әділеттілік, патриотизм, достық, т.б. не екені туралы көпшілік адамдардың әлеуметтік мақұлдайтын және бөлісетін көзқарастары.

Әлеуметтік нормалардың сақталуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік институт болып әлеуметтік бақылау табылады. П. Бергердің ойынша адам әлеуметтік бақылаудың түрлері мен формаларын бейнелейтін шеңберлердің ішінде өмір сүреді. Әрбір шеңбер – бақылаудың жаңа жүйесі.

Ең сыртқы шеңберде қоғамның саяси – заңдық жүйесі тұр. Ол адамның заңға бағынуына әсер етеді.

Екінші кезекте қоғамда қалыптасқан мораль, дәстүрлер, олар адамды мәдени жағынан реттейді.

Кәсіби жүйе адамның жұмыс орнындағы іс-әрекеттерін реттеп отырады.

Қоғамдық орта – бұл таныс адамдар, дүкендегі кезек, көліктегі, т.б. орындардағы адамның қоршаған ортасы, олар адамның қоғамдағы әрекеттерін реттейді.

Отбасы, достар – адамның тікелей қоршаған ортасы, олар адамның өмірдегі мінез-құлқын реттеуге әсер етеді.

Жұбайлар бір-бірінің өмірлік ұстанымдары мен мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ауытқу мінез-құлқының ең қауiптi түрi ретiнде қылмысты атауға болады. Қылмыс Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi тыйым салатын қоғамдық қауiптi әрекет.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті мәліметтерi бойынша 2013 жылдың 6 айында елімізде тіркелген қылмыстар деңгейі 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 29,7 %-ға (137 151-ден 177 896-ға) өскен. Жалпы қылмыстардың да 29,3 %-ға (128 192-ден 165 798-ге) өскені байқалды. Қылмыстың өсуі мынадай қылмыстар есебінен болып отыр, мәселен, бөтеннің мүлкін ұрлау 19,0 %-ға (85 443-тен 101 670-ке), аляқтық 76,3%-ға (10 037-ден 17 697-ге.), бұзақылық 84,9 %-ға (7 922-ден 14 651-ге) артқан.
Тәжірибе сабағына арналған тапсырмалар (эл.поштаға жіберу gulzhan17@yandex.ru)
1) кестені толтырыңыз:

Жағымды ауытқу мінез-құлықтарына мысалдар

Жағымсыз ауытқу мінез-құлықтарына мысалдар
































2) алкоголизм, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау статикасын келтіріңіз (Қазақстанда https://stat.gov.kz/ және әлемде)
3) глоссарийді толтырыңыз:

«Ақ жағалылардың қылмыстылығы»

Альтруизм

Андеркласс

Аномия

Аффект


Глокализация

Гетто


Делинквентті субмәдениет

Қақтығыс



Мәдени релятивизм
СӨЖ №7. (7 апта).

Тапсырма 1. Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып, суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз.

Тапсырма 2. Сараптамалық шолу. Э. Дюркгеймнің «девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі» деген тұжырымына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

Тапсырма 3. Г. Тардтың еліктеу теориясы мен Эдвин Г. Сазерландтың дифференциалдық ассоциация теориясының негізгі идеяларын түсіндіріңіз. «Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді» деген тұжырыммен келісесіз бе? Әлеуметтанулық сұрау негізінде алынған келесідей қорытындыны дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз: «Жоғары сыныпта қатарластар ішімдік пен нашаны қолдануға әсер етеді». (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет