Зейіндегеніміз - сананың қандайда болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп обьектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде бұл обьектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.
Оқу жұмысында зейіннің маңызы улкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің, оқушылардың зейнін қаншалықты оқуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады, оның үстіне балалар сабақта зейінін сала жұмыс істейді. Сыныпта тәртіптің болуында қамтамасыз етеді. Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін қойып немесе зейін аудармай қараймыз, тыңдаймыз (яғни,қабылдаймыз), ойлаймыз (яғни,ой жүгіртеміз) немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп, зейін әртүрлі психикалық процесстердің тек бір жағы немесе қасиеті болып табылады.
Адам ойлау кезінде бір іс-әрекетпен шұғылданумен (бір нәрсен істейді немесе бір нәрсенә ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәрсеге ауады. Егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның зейіні басқа нәрсеге ауып отырғаны.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б.) жақсы көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне карап, бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
3. Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны жағынан қызықты болып көрнекі құралдар қолданылса, онда оқушылар педагогтың сөзін өздері-ақ ұйып тыңдайды, көрсеткендерін көңіл қоя қарайды. Мұны ырықсыз зейін деп атайды. Ол көбінесе адамда өзін қыспай, өзінен-өзі болатыны былай тұрсын, сонымен қатар бір нәрсені көруге, естуге алдын-ала ниеттенбеседе пайда болады.
Ырықсыз (алдын ала ниеттенбеген) зейіннің физиологиялық негізі адамды қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлексі болып табылады. Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады? Ең алдымен, күшті тітіркендіргіштерден пайда болады. Мәселен, күннің құлақты тұндыра күркіреуі немесе мылтықтың жақынан атылуы қай адамдыда олардың даусына еріксіз назарын аудартады. Тітіркендіргіштердің салыстырмалы күшінің маңызы зор, түнгі тыныштықтан шыққан шамалы сыбдырдың өзі адамның көңілін аудартады. Адамның көңілін аудару үшін тітіркеншіштердің күтпеген жерден пайда болуы, олардың күші онша үлкен болмасада маңызды келеді. Қарама-қарсы заттар мен құбылыстарда осылай әсер етеді. Мысалы, ұзын адамның қасында қысқа адам тұрса, бірінші ұзын адамға көңіл аударамыз. Еріксіз зейіннің аударылуына адамның ішкі жан дүниесі күйінің маңызы зор. Мәселен, қарны ашқан адам ас үйден шыққан тамақ иісін сезеді, ал тамағы тоқ адам ол иіске көңіл аудармайды. Музыканы жақсы көретін адам әнді естігенде зейінін салып тыңдайды.
Алдына мақсат қойып, көздеген нәрсесін алдын ала белгілеп, әдейілеп зейінін соған аударуды ырықты зейін деп атайды. Бұл адамның еркімен істелетін зейін күші. Ырықты зейін жұмыстың басынан аяғына дейін күшті сарқып жұмсауды тілейді. Адам өз зейінін ырықты жұмсап шұғылданғанда қиыншылықтарды ығыстырып жеңеді. Оқушылар зейінін тек қана сабаққа бөлу үшін күш жұмсайды. Ырықты зейіннің ырықсыздан өзгеше бір белгісі: ырықсыз зейінмен істелген іс жеңіл істеледі, көп шаршамайды, ал ырықты зейінмен істелген іс көбірек шаршатады, терең ойлануды қажет етеді. Жоғарыда айтылған айырмашылықтарына қарап ырықты және ырықсыз зейінді екі түрлі деп ойлауға болмайды. Жұмыс үстінде, сабақ процессінде ырықты зейін ырықсыз зейінге айналады. Оқу материалын меңгеруді оқушы ырықты зейінмен бастайды. Бара-бара ырықсыз зейінге ауысады. Ырықты зейін ырықсыз зейінге ауысқанда білімді меңгеру көп жеңілдейді.
Үлкен адамның зейіні көбінесе үйреншікті болады. Бала кітап оқуды, жазу жазуды әдейілеп зейін салып, қайрат-күш жұмсап үйренеді. Бұларды меңгеріп алған соң қызықтырып тұрған күрделі міндетке ырықты зейін бағынып, кейін арнайы күш жұмсалмай-ақ орындалады. Бұл процессті үйреншікті зейін деп атайды.
Біздің зейініміз өзіміздің қызығып атқаратын күрделі іс-әрекетімізбен байланысты. Ұзақ уақыт кітап оқимыз, грамматикалық талдау жасаймыз, шет тілді зерттейміз. Осындай іс-әрекетті әуелде зейін салып істейміз де артынан үйреншікті зейінге айналады. Сөйлеу үйреншікті зейінмен орындалады. Үйреншікті зейін ырықты зейінмен дамып қалыптасады.