Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары: 1.Биохимия нені зерттейді?
2.Дене шынықтыру және спорт мамандарына биохимия бойынша білімдер не үшінкерек?
3. Спорт биохимиясының мақсаты мен міндеттерін атаңыз.
4.Спорт биохимиясы қандай ғылымдармен байланысты дамыды?
5.Катаболизм дегеніміз не?
6.Анаболизм үрдістерін сипаттаңыз.
7.Ортаның белсені реакциясы деген не? Неменанықталады?
8.Қанның рН деген не? Буферлікжүйелер.
9. Осмос және осмостық қысым дегенне?
2
2
Тақырыбы:Дене жаттығуларының физиологиялық жіктелуі және сипаттамасы Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Спорттағы дене жаттығуларынңы қазіргі кездегі жіктелуі.
Спорттық дене күйлерінің және статикалық жүктемелердің физиологиялық сипаттамасы.
Стандартты динамикалық және ациклді қимылдардың физиологиялық сипаттамасы.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Дене жаттығуларының жіктелуінің негізін бірқатар критерийлер құрайды: 1) энергетикалық критерийлер – қуат көздерінің қайсысы басым болуы бойынша (аэробты және анаэробты), қуатың жұмсалу деңгейі бойынша (ккал/с бірлігі бойынша) және жинақы; 2) биомеханикалық қимыл құрылымы бойынша – циклді, ациклді және аралас; 3) дене сапсының басым болу критериі бойынша – күшті, шапшаңдықты, шапшаңдықты-күшті, төзімділікке арналған жаттығулар, бағдарлы немесе күрделі-техникалық; 4) жұмыстың шекті уақыты бойынша критериилер –салыстырмалы қуатты аймақтар бойынша бөлетін. Қазіргі кезде жалпы қабылданған дене жаттығуларының В.С.Фарфель құрастырған жіктелуі жатады.
Жұмыстың шекті уақыты бойынша циклді жаттығулар салыстырмалы қуат аймақтары бойынша төрт түрге бөлінеді: максимальды қуатты (10-15с-тен 30-40с-ке дейін), субмакимальды қуатты (30-40с-тен 3-5мин-қа дейін), үлкен (5-6 мин-тан 20-30 мин-қа дейін), бірқалыпты қуатты (30-40 мин-тан бірнеше сағаттарға дейін.). Бұл кезде ескерілген бір жағдай – дене жүктемесі адам ағзасына берілетін физиологиялық жүктемеге тең емес. Физиологиялық жүктемені сипаттайтын негізгі өлшем – орындалған жұмыстың шекті уақыты.
2. Спорттық дене күйі мен статикалық жүктемелердің физиолгиялық сипаттамасы. Дененің күйі дегеніміз қаңқаның бөлімдерінің белгілі бір тәртіппен бекінуі. Белгілі бір күйді сақтағанда қаңқа бұлшық еттері мехникалық реакцияның екі түрін – тонустық күшену және күйді дұрыстау үшін кезеңді жиырылуын атқарады.
3. Стандартты циклді және ациклді қимылдардың физиологиялық сипаттамасы. Стандартты немесе стереотипті қимылдар қимылдардың тұрақтылығымен және реттілігімен сипатталады. Қимылдар құрылымы бойынша стандартты қимылдар циклді және ациклді болып бөлінеді.
3.2. Ациклді қимылдардың физиологиялық сипаттамасы.
Ациклді қимылдар кезінде циклді бірнеше рет қайталанбайды. Бұл кездлегі қимылдар стереотипті, жатталған элементтердің жиынтығын бір қайтарымды орындаудан тұрады. Бұл элементтердің бастамасы, келесі қимылдардың реттілігіндегі тізбегі, және нақты белгіленген соңы болады.