Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет8/24
Дата18.04.2023
өлшемі139,72 Kb.
#174778
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Биохимия дәріс тезистері 3

Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:

  1. 1. Шаршау түсінігінің анықтамасы. Шаршау түрлері. 2. Шаршаудың қалыптасуының теориясы.

3. Шаршаудың орнығуы. 4. Әртүрлі дене жүктемелерінен кейінгі шаршаудың ерекшеліктері.
5. Шаршаудың биологиялық маңызы. 6. Бұлшық ет қызметінен кейінгі қалпына келу процестерінің физиологиялық сипаттамасы. 7. Қалпына келу процесінің физиологиялық заңдылықтары. 8. Әртүрлі қуатты жұмыстардан кейінгі қалпына келу.
9. Қалпына келу процесін жеделдету әдістері.


Тақырыбы: Липидтер алмасуы


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Липидтер, жалпы сипаттамасы және биологиялық ролі.
2.Майлардың өнімдікмаңызы.
3.Майлардыңқорытылуы.
4.Май қорыту өнімдерініңсіңуі.
5.Майлардың аралықалмасуы.
6.Липоидтердің алмасуы (фосфаттардың және стероидтердіңалмасуы).
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Липидтер химиялық құрылымы бойынша липидтерге (бейтарап майлар) және липоидтерге (май тәрісдес заттар) бөлінеді. Липидтер жасуша мен жасушааралық сұйықтықтағы (құрылымдыққызмет) арасындағы зат алмасуды реттеуде үлкен роль атқарады. Липидтердің қорлары ағзаның энергетикалық қажеттілігін толтыру үшін қолданылады (энергетикалық қызмет). Тері асты жасушадағы май ағзаны тоңудан сақтайды (қорғанысқызметі). Тері астында және кейбір ішкі мүшелердің жан-жағында жиналған май ағзаны соққыдан және шайқалудан сақтауда (механикалық қызмет).
Бейтарап майлар – липидтер– бұл үшатомды спирт глицеринмен және жоғарымолекулалы карбонатты (жоғары майлар) қышқыл – триглицеридтерменқұралған күрделі эфирлер.
Глицеринасқорыту жолында майлардың гидролизі кезінде пайда болады. Жоғары майлы қышқылдарға (ЖМҚ) линолды, линоленді және арахидонды қышқылдар жатады.
Майлардың таза күйінде түссіз, иіссіз және дәмсіз. Майлар судан жеңіл, ұшпайды, қыздырған кезде ыдырайды, суда катализатор болған кезде (мысалы, күшті қышқыл) глицерин және әртүрлі майлы қышқылдарды бөліп гидролизденеді. Липоидтар (май тәріздес заттар)– биологиялық маңызды және ағзада кең таралған қосылыстар, олар химиялық ұқсастығы сипатымен өзара байланысып, біртұтас топтар құрады. Оларға фосфолипидтер, стероидтар және басқа топтар жатады. Фосфолипидтер жасуша мембраналарының маңызды компоненті, сонымен қатар олар ерекше маңызды биологиялық белсенді заттардың рөлін атқарады, мысалы, ацетилхолин – жүйке импульсінің жеткізушісі.
Стериодтар тобынан холестерин, без қышқылдары, Д витамині, бауыр үсті қабығының гормоны (кортикостерон, альдостерон және т.б.), жыныстық гормондар (андростерон, эстрон және басқалар) тәрізді қосылыстарды және кейбір биологиялық тұрғыда маңызды заттарды атап өтуге болады.
Майлардың қорытылуы. Бейтарап майлардың гидролизін катализациялаушы ферменттер – липазалар. Ішек-қарын жолында майлардың химиялық айналуы без қышқылдары тұздарының көмегімен эмульгацияланғаннан кейін болады. Ол майлардың сумен және ферменттермен анағұрлым кең таралуына қолайлы жағдай жасайды, ол оның салдарынан, олардың қорытылу үрдісін жылдамдатады. Эмульгацияланған майларды гидролиздеген кезде жақсы еритін глицерин және суда ерімейтін ЖМҚ пайда болады. Глицерин ішектің қабырғалары арқылы оңай сіңеді.
Стероидтар алмасуы. Холестирин ағзаға мал тағамымен бірге (жұмыртқа сарысы, тауық еті, бүйрек, ет, ми, сүт және т.б.) бос немесе байланысқан күйде түседі. Холестириннің едәуір мөлшері бауыр үстінде сақталады, онда олар стериодтық гормондардың синтезі үшін пайдаланылады. Холестериннен жыныс бездерінде және шамалы бауыр үсті қабықта жыныс гормондары синтезделеді – еркек (тестостерон, андростерон) және әйел (фолликулин, прогестерон), олар ағзадағы зат алмасуына үлкен ықпалетеді. Холестериннің белсенді синтезі бауырда өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет