Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет10/24
Дата18.04.2023
өлшемі139,72 Kb.
#174778
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
Биохимия дәріс тезистері 3

Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
1.Ақуыздар, элементтік құрамы, классификациясы (протеиндер, протеидтер).
2.Амин қышқылдары, пептидтік байланыстар, алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдары.
3.Ақуыздардың биологиялықрөлі.
4.Ақуыздардыңыдырауы.
5.Амин қышқылдарының метаболизмі.
6.Ақуыз алмасуындағы бауырдыңмаңызы.
7.Ақуыздың биосинтезі. Нуклеинқышқылдары.
8.Азоттық баланс (тепе-теңдік).
9.Спортшы тағамындағы ақуыздың маңызы.

2

6



Тақырыбы: Су және минералды заттардың алмасуы


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Судың организм тіршілігіндегі ролі.
2.Ағзаның су-дисперсиялықжүйесі.
3.Ортаның белсендіреакциясы.
4.Минералдық заттар және олардың маңызы. 5.Макроэлементтердің негізгі көздері.
6.Микроэлементтер және олардың маңызы. Микроэлементтердің негізгі көздері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жер планетасындағы өмір су ортасында туған. Ешбір ағза сусыз өмір сүре алмайды. Ағзадағы барлық биохимиялық үдерістер су ортасында өтеді. Адам ағзасындағы су құрамы жасына байланысты: неғұрлым адам жас болса, соғұрлым су құрамы көп болады: жаңа туған балада су құрамы дене салмағының 75% құрайды, ал жасы 50 асқан адамдарда 50-55%.Ағзадағы су құрамының күрт өзгеруі патологияға әкеп соғады.
Жасушалардың протоплазмасы, жасушааралық сұйықтық, лимфа, қан – бұның бәрі күрделі су дисперсті жүйелер, яғни бір (немесе бірнеше) зат ұсақталып, басқада бірқалыпты үлестірілген жүйелер. Ұсақталған зат дисперсті фаза деп, ал ол үлестірілген орта – дисперсті орта деп аталады.
Су молекулалары сутек иондарына (Н+) және гидроксилге (ОН-) диссоцияциялануы мүмкін. Суда ерітілген көп заттар иондарға бөлінеді, яғни диссоцияцияланады. Тәжірибеде ерітіндінің қышқылдығын және сілтілігін сутек иондарының шоғырлануымен өрнектеу қалыптасқан, оны басқаша ортаның белсенді реакциясы деп атап, рН деп белгілейді. рН шкаласы 0-ден 14-ке дейінгі аралықта болады. Бейтарап ортада сутек және гидроксил иондарының шоғырлануы тең болады. Таза су бейтарап болады (рН=7). Қышқыл ортада рН 7-ден аз болады, сілтілі ортада 7-ден көп болады. Ыдырау және синтез, сіңіру, ферменттердің белсенділігінің өзгеруі, биологиялық мембраналардың ену үрдістері жасушалардағы, жасушааралық сұйықтық және қандағы рН ортасына байланысты. Тірі организмнің рН ортасының белсенді реакциясының тұрақтылығы буферлік жүйелермен сақталып отырады. Сонымен қатар ағзаның көптеген физиология- лық жүйелері қатысады. Адам ағзасының рН нормасы 7,35-7,47 аралығында сақталып отырады. Ағзаның ішкі ортасының рН тұрақтылығы – өмірлік маңызды үрдістердің тұрақты өтуінің қажетті шарты (гомеостаз).
Минералды тұздар жасушаның құрамына кіреді және нәруыздардың, ферменттердің, гормондардың түзілуіне әсер етеді. Қанның, ұлпа сұйықтығының қысымын реттейді. Жүйкенің козуы, бұлшық еттердің жиырылуы, қанның ұюы минералды тұздарға байланысты. Адамның дене салмағының шамамен 4%-ы минералды тұздар. Кейбір минералды тұздар өте аз мөлшерде болса да, ағза үшін маңызды рөл аткарады. Минералды тұздардың жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына әсер етеді. Балаларда минералды заттардың алмасуының бұзылуы өсу мен дамуына өсер етеді.
Макроэлементтерге ағзадағы концентрация мөлшері денесалмағының ең аз дегенде 0,1% құрайтын элементтер жатады, олар: Са, Р, S, К, СL, Nа, Мg. Сонымен негізгі және макроэлементтер дене салмағының 99,9%-ын құрайды. Кальцийжасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Фосфор ірімшікте, сүзбеде, етте өте көп.
Микроэлементтерге дене салмағының 0,001%-ын құрайтын элементтер жатады: Си, Sі, Мn, Со, В, Мо т.б.; Мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Йод қалқанша безі үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы мүше), тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тіршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет