Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Лабораториялық эксперимент



бет4/105
Дата23.12.2022
өлшемі1,47 Mb.
#164120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
Психология п ні туралы т сінік ж не оны даму тарихы

Лабораториялық эксперимент
ХIХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестердi зерттеу үшiн эксперимент тәжiрибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вунд психологияны эксперименттiк жолмен зерттеудiң негiзiн салды, тұңғыш лабораторияны 1879 жылы ашты. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бiрiн ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Лабораторияларда психикалық процестердiң пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшiн хроноскоп, терi түйсiгiнiң сезгiштiгiн байқау үшiн эстезиометр, зейiн көлемiн анықтау үшiн – тахистоскоп, естудi өлшеу үшiн аудиометр, бұлшық еттiң жұмысын тiркеу үшiн эркограф жабдықтары пайданалынды. Лабороториялық эксперимент, мысалы балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабороторияда жүргізіледі.
Табиғи эксперимент
Табиғи эксериментті психологияға 1910ж. орыстың ғалымы А.Ф.Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сондай- ақ, психологиялық-педагогикалық зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңдерде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмащылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.Түрлi психикалық құбылыстардың құрылымын функциялар мен параметрлердi шамамен жорамалдауда, эксперименттiк материялдарды талдауда, модельдiк құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдiс қолданылады.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдiстер бар, оларды қосалқы әдiстер деп атайды. Осындай қосалқы әдiстердiң қатарына анкета әдiсi, интервью әңгiмелесу әдiсi, сынау тест әдісі т.б. әдістер жатады. Сынау тест әдісі адамның бойындағы түрлі сапалар мн олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп кояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет