Қалыптастырушы бағалау теориясы
Дәстүрлі жағдайда мұғалім білім алушыларды оқыту мен бағалауға қатысты жауапты тұлға ретінде танымал. Алайда оқудағы білім алушы мен құрдасының рөліне де назар аудару қажет. Мұғалім көп жағдайда тиімді оқу ортасын құруға, енгізуге жауапты, ол кезде білім алушылар сол ортада оқуға, нәтижеге жетуге жауапты болады. Оқытуға жауапкершілік мұғалімге де, білім алушыға да жүктелетіндіктен (серіктестік құқық тілінде – «ынтымақтастық жауапкершілік»), екеуі де нәтижеге жетуде кез келген келеңсіздіктердің алдын алуға күш жұмсауы қажет. Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында білім алушыларды қолдау үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажет: «білімалушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?», бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және білім алушы), бұл 1-кестеде көрсетілген (Уильям және Томсон, 2007).
|
1
|
№ 3
Дәріс
|
ҚР бастауыш сыныптарында оқытылатын оқу пәндерін бағалау нормалары бойынша
I. 2001 жылдың 13-14 қаңтарында Будапеште (Венгрия) «Ашық қоғам» институты (Нью-Йорк) және Street Law (АҚШ) білім беру ұйымы ұйымдастырған құқықтық және азаматтық білім беру жүйесінде бағалау мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Семинарда басты баяндама жасаған профессор Дайана Хесс бағалаудың келесі қағидаларын ұсынды.
Бірінші қағида: «Маңыздылық».
Бағалау үшін пәннің (курстың) ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және басқа да ресурстар шығындалады. Егер нәтиже маңызды болмаса (оқытушының пікірі бойынша), онда оны бағаламаса да болады.
Бағалау бұған қоса күтілетін нәтижеге (тәжірибе, білім, дағды, білік, құндылықтар) үйрену процесінің өзін жақсартады. Студенттер пәннің (курстың) бағаланатын жақтарына (мезеттеріне) ерекше түрде көңіл бөледі. Тәжірибелі оқытушылар бағалау үшін көп нәтижелер таңдамайды, олардың қағидасы: «Майда-шүйдеге назар аудармау керек! Тек маңызды нәтижелер ғана бағалануы қажет!».
Сонымен, бағалаудың бірінші қағидасын қолдану үшін ұстаздың өзіне келесідей сұрақтарды қойғаны абзал: «Мен үшін студент жұмыстарының қандай нәтижелері маңызды және бағалауға тұрарлық? Бұл нәтижелердің (білім, білік, дағды, құндылықтардың) адам өмірі үшін маңызы бар ма? Олар өмірде қаншалықты қажет болар екен?».
|
Достарыңызбен бөлісу: |