Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет56/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Билатералдық монополия (екі жақты монополия) – тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. Мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.


5. ҚР-ғы антимонополиялық заңдылықтар және антимонополиялық саясат. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:



  • табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу;

  • монополиялық биліктің күшейіп, еркінсуіне жол бермеу, ескерту жасау;

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен органдардың ақылы қызмет көрсету ретін бақылау;

  • сәйкес құқықтық, нормативтерді әзірлеу.

Табиғи монополия субъектісі жылына бір реттен аз емес өзінің амортизациялық қоры туралы есеп беруі керек.
Нарықтық қатынастарда, табиғи монополияны мемлекет реттеу керек. Президент жарлығымен Қазақстан Республикасында 1998 жылдың шілдесінде “Табиғи монополия туралы” заң шықты. Табиғи монополияны түсіндіретін, оның қызмет етуін реттейтін көптеген құқытықты-нормативті актілер жасалды.
Монополиясыздандыруэкономикалық саясат пен заңнама шеңберіндегі бәсекені дамытуға және монополиялардың қызметін шектеуге бағытталған шаралар кешені. Жалпылама түрде Монополиясыздандыру – мемлекеттің монополияға қарсы екі бағытта жүргізетін саясаты.

  • Рыноктарды дәйекті түрде ырықтандыру. Мұнда монополияға тиіспей монополистік іс-әрекетті ірі бизнес үшін тиімсіз ету мақсаты көзделеді, сонымен бірге кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру, шетелдік кәсіпкерлер үшін ішкі рыноктарды ашу, атап айтқанда шетелдік инвесторлар үшін инвестиц. ахуалды жақсарту, кеден салықтарын төмендету, лицензиялау рәсімін оңайлату, өнімі монополиялардың тауарларымен бәсекелесе алатын өндірістерді қолдау үдерістері жүріп жатады;

  • Монополияға ықпал ету тәсілдері. Оған негізінен монополияларды әкімш. қадағалау шаралары – өнімнің бағасын, мөлшері мен сапасын реттеу, сондай-ақ монополияға қарсы заңдар бұзылған жағдайда қолданылатын қаржы санкциялары жатады. Реттеудің құқықтық нормаларын, яғни монополиялардың қызметін шектеуге бағытталған антимонопол. (антитрестік) заңдарды да осы екінші бағытқа жатқызуға болады. Батыс елдерінде антимонополия заңдар ірі корпорацияларға, монополиялардың рыноктағы басымдығын қиянатпен пайдалануына қарсы қолданылады.

Қазақстанда Монополиясыздандыру, ең алдымен, монополияларға қарсы тұратын бәсекелі нарықтық құрылымдарды құрып, дамытуға бағытталды. Қазақстан экономикасын Монополиясыздандырудың аса маңызды шаралары ретінде, ең алдымен, Монополиясыздандыруға жатпайтын табиғи монополиялар аймағы айқындалғанын айтуға болады. Мұндай аймақта энергетика, металлургия, темір жол көлігі салаларындағы технология олигополия, ғылыми-техникалық және мемлекеттік монополиялар, ақша ұсынысын ұйымдастыру мен реттеу, мемлекет тарапынан қатаң түрде құқықтық тұрғыдан реттелетін монополиялар, капиталды шоғырландыру және орталықтандыру негізінде пайда болған монополиялар қамтылды. Екіншіден, Қазақстанда антимонопол. саясат құқықтық базамен және ұйымдық жүйемен ұштастырыла жүргізілді. Монополиясыздандыру саясаты құқықтық тұтқалар мен нарықты реттеуші тетіктерді біріктіретін антимонополия экономикалық қатынастарды орнатуға бағытталды. Осыған орай “Теріс пиғылды бәсеке туралы” (1998), “Бәсеке және монополистік іс-әрекеттерді шектеу туралы” (2001) арнайы заңдар қабылданып, еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ теріс пиғылды бәсекелік және монополистік іс-әрекеттердің алдын алып, жолын кесу, нарықтың монополистік субъектілерінің өз басымдықтарын заңсыз пайдалануына тыйым салу көзделді.[




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет