6 Кәсіпкерлік түрлерінің сипаттамасы Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерік - тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік - бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау - кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
Жаңа өткізу рыногына шығу;
Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мұмкін.
Бақылау сұрақтары:
Кәсіпкерлік анықтамасын беріңніз.
Кәсіпкерлік мәні неде?
Кәсіпкерлік субъектілері мене объектілерін анықтаныз