Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі, жіктелуі



бет15/33
Дата10.03.2023
өлшемі209,33 Kb.
#171728
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі

Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі, жіктелуі.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі, жіктелуі.
2.Қышқылдық-негiздiк титрлеу әдiсiнің реакцияларына қойылатын талаптар.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қышқылды – негіздік (бейтараптау) титрлеу әдісі. Заттың қышқыл мен негіздің әрекеттесуіне, яғни бейтараптау р-сына негізделген. Бұл әдістің негізіне келесі реакция жатады:
Н+ + ОН- → Н2О; Н3О+ + ОН- → 2Н2О

М: негізді күшті қышқылмен тирлейді, НСІ: Н+ + ВОН ↔ В+ + Н2О


Қышқылдық-негіздік тирлеу әдісі негізгі екі әдістен тұрады: ацидиметрияжәне алкалиметрия.
Егер анықтау кезінде титрант (жұмысшы ерітінді) ретінде қышқыл ерітінділері пайдаланып, негіздердің не тұздардың мөлшері анықталатын болса – ацидиметрия деп аталады. (латынша acidum – қышқыл). Негізді қышқылмен тирлейді.
ОН- + НА ↔ А- + Н2О - титрант қышқыл
Ал егер қышқылдардың немесе қышқыл тұздардың ерітіндідегі концентрациясын анықтау үшін сілтілердің титрленген жұмысшы ерітінділерін қолданса яғни титрант ретінде сілті қолданған жағдайда – алкалиметрия деп атайды.
Н+ + ВОН ↔ В+ + Н2О - титрант негіз

Қыш-негіздік әдісті қолданғанда эквиваленттік нүктеніиндикаторлар көмегімен анықтайды, яғни индикаторлардың ортаға байланысты өзінің түсінің өзгертуінен байқайды (лакмус, фенолфталеин, метилоранж және т.б.). Бұл әдіспен ерітінділердегі қышқыл мен сілтілердің концентрациясын анықтап қана қоймай, сонымен қатар суда ерігенде гидролизге ұшырайтын тұздардың да мөлшерін (концентрациясын) анықтауға болады.


Титрлеудің ең маңызды мінездемесі – эквиваленттік нүкте, бұл титрлейтін ерітіндіге титранттың белгілі мөлшерінің жұмсалу нүктесі, негізінде титрлейтін затқа теориялық тұрғыдан саналғандағы шама.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет