Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет20/33
Дата10.03.2023
өлшемі209,33 Kb.
#171728
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі

Титрлеу қисықтары.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Титрлеу қисықтары, түрлері. Индикатор таңдау.
2. Титрлеу қисығы бойынша эквиваленттік нүктені анықтау.
3.Титрлеудің әртүрлі жағдайындағы эквивалент нүктесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Титрлеу кезінде индикатор түсінің өзгеруі титрленетін ерітіндідегі Н+ және ОН- иондарының концентрацияларының өсуі мен кемуімен байланысты. рН = -Ig[H+] болғандықтан, түстің өзгеруі түгелдей тирленетін ерітіндінің рН-на байланысты болады. Қышқыл-негіз титрлеу кезінде әрекеттесуші қышқыл мен негіздің қасиеттеріне орай эквивалент нүктесінің ерітінді бейтараптығымен сәйкес келмеуі мүмкін. Демек, әр нейтралдау реакциясының экв.нүктесін дұрыс табу үшін индикатор таңдап алу қажет. Индикатор таңдау ісіне титрлеу сызығы көмектеседі. Титрлеу сызығы ерітіндіге қосылған қышқыл не сілті мөлшеріне қарай ерітіндінің рН-ның өзгеруін көрсетеді.
Титрлеу әдісі кезінде, титрлеу қисығын сызамыз, химиялық және электрохимиялық реациялардың титрлеу процесі кезінде заттың концентрациясының өзгеруін көрсетеді.

  1. Титрлеу кезінде қай реакцияның қалай жүріп жатқанын байқауға болады.

  2. Аналитикалық анықтаудың дәлдігін осы титр қисығы арқылы байқауға болады.

  3. Титрлеу кезінде қай заттың конц. азайтып, көбейтуге болатынын және титрдің аяқталғанын байқауға болады. Сонымен қатар титр қисығын пайдаланғанда кейбір қысқартулар жасауға болады.

І. Титрлеу кезінде ерітіндінің сұйытылғанын есептемеуге болады.
ІІ. Активтік коэффициенттің өзгеруін немесе концентрация мен активтілігі туралы бөлуге болмайды.
ІІІ. Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік кезінде қысқартылған математикалық тәсілдер қолдануға болады.
Титрлеу қисықтарының түрлері.
Титрлеу қисығында абцисске құйылып отырған реактивтің саны тұрғызылса, ал ординатқа мыналарды салуға болады.

  1. ерітіндідегі әрекеттесетін затардың конц-ның сызықты түрде өзгеруі (сызықты қисық). Мұндай мәндерге жататындар: оптикалық тығыздық (титр нүктесін калориметрия арқылы анықтау), электр өткізгіштігі, ток күші және т.б..

  2. Әрекеттесуші заттардың логорифмдік конц-ның сызықты байланыстары (логорифмдік қисық). Мұндай мәндерге тотығу-тотықсыздандырғыш потенциалы (потенциометрялық титрлеу), рН шамасы және т.б.

Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу:10,00мл 0,100М тұз қышқылын 0,100М натрий гидроксидімен титрлеуін қарастырайық. Эквивалентті нүктеге дейінгі ерітіндінің рН-ы қышқылдың концентрациясымен анықталады. Титрлегенге дейін, оның мәні 0,100М НС1 - на сәйкес:

Титрлей бастағанда эквивалентті нүктеге дейін тұз қышқылының бос концентрациясы, яғни оған сәйкес сутегі ионының концентрациясы былай анықталады: ;
жалпы түрде, эквиваленттік нүктеге дейін:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет