көлемі әр 10 жылда, 1970 жылдан бастап әр 5 жылда, ал 1991 жылдан бастап жыл
сайын екі еселенуде. Бұл бүгінгі күнде әлемдегі білім көлемінің 250 мың еседен аса
артқанын білдіреді.
Қоғамды ақпараттандыруды дамыту үдерісін мемлекеттік тұрғыда дамыту қажеттілігі
1990 жылы қолға алына бастады.
Қоғамды ақпараттандырудың тарихи үдерісі өз заманында пайда болған жаңа
технологиялардың пайда болуына байланысты ақпараттық революциялар тізбегі
арқылы дәл сипатталады.
Ақпаратық революция
қоныстанушы халықтың белсенді бөлігі үшін ашық ақпараттар
ауқымының артуына әкеп тірейтін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және таратудың
тәсілдері мен аспаптарының өзгеруінен тұрады.
Бірінші ақпараттық революция
тіл мен адамның анық сөйлеуінің пайда болуынан
тұрады.
Екінші ақпараттық революция
жазудың ойлап табылуына байланысты. Бұл ойлап
табу адамзат қоғамы жинақтаған ақпаратты сақтауды ғана қамтамасыз етіп қоймай,
сонымен қатар оның шынайлылығын арттырып, ақпарат таратуға бұрынғыдан да кең
жағдай жасады.
Үшінші ақпараттық революция
XV ғасырда ақпараттық технологиялардың
алғашқыларының бірі болып саналатын кітап басып шығаруды ойлап табудан
туындаған. Бұқаралық ақпараттың газеттер мен журналдар сияқты баспа
құралдарының пайда болуы мен дамуы – осы үшінші ақпараттық революцияның
нәтижесі.
Төртінші ақпараттық революция
ХIХ ғасырда басталды. Ол кезде ақпаратты жіберу
мен таратудың телеграф, телефон, радио және телевидение сияқты құралдары ойлап
табылды.
Бесінші ақпараттық революция
адамзат есептеу техникасын белсенді пайдалана
бастаған кезде
,
XX ғасырдың ортасында өтті. ЭЕМ-ді ғылыми ақпаратты өңдеуге
қолдану адамның ақпаратты белсенді және тиімді өңдеуі бойынша мүмкіндігін
түбегейлі түрде өзгертіп, өркениет дамуының бүкіл тарихында адам алғашқы рет
интеллектуалды еңбектің өнімділігін арттырудың жоғары тиімді құралына ие болды.
Бүгінде біз ауқымды телеқатынастық компьютерлік желілердің пайда болуы және
олардың мультимедиа технологиялары мен виртуалды
шындықпен интегралдануына
байланысты
алтыншы ақпараттық революцияның
куәсі болып отырмыз.
Алты революция қоғамды өзгертті. Ақпараттандыру үдерістерінің бар екендігі туралы
айтуға болатындай ақпарат пен ақпараттық технологиялар көз алдымызда дамуда, әрі
тарауда.
Достарыңызбен бөлісу: