Moodle
ашық,
программалық қамтамасыз етуге (GNUPublicLicense)
сәйкес
бастапқы кодпен еркiн таралады.
№15
дәріс
Педагогтарды білім беруді ақпараттандыру саласында даярлау жүйесі
Білім беруді ақпараттандыру негіздеріне болашақ және қазіргі мұғалімдерді
кешенді түрде оқыту қажет. Ол үшін оқытушылардың дайындығын жүйелендіруге
мүмкіндік беретін, олардың мазмұнын аса іргелі және үнемі өзгеріп, дамып отыратын
ақпараттандыру құралдарына тәуелділігін азайтатын оқыту мақсаттары мен
принциптері жүзеге асырылды.
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды дайындайтын негізгі
мақсаттар:
- білім берудегі ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды
қолданудың жағымды аспектілерімен танысу;
- ақпараттық қоғамда білім беруді ақпараттандырудың рөлі мен орны туралы
түсінікті қалыптастыру;
-
көрінетін құрамдар мен ақпараттық-қатынастық
технологиялардың
құралдарын тиімді қолдану салалары туралы түсінікті қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен білім
беру технологияларын құру, өңдеу, ұсыну,
ақпаратты сақтау мен тасымалдау ортасында тиімді қолданусаласы туралы түсінікті
қалыптастыру;
- ақпараттандырудың жалпы әдістерімен, оқу үдерісінің (процесс) дәл
қажеттіліктерімен, оқу орындарының оқудан тыс, ғылыми-зерттеушілік және
ұйымдастырушы-басқарушылық қызметтерін оқу нәтижелерін басқару және
өлшеумен танысу;
- олардың сапаларының принциптері мен әдістерін бағалауға негізделген білім
беруді ақпараттандыру құралдарына қойылатын талаптар туралы білімін
қалыптастыру;
-
ақпараттық білім беру ортасын енгізу және қалыптастырудағы
оқытушылардың қатысуға деген нық әрекетін жасау;
- қалыптасып келе жатқан білім беруді ақпараттандыру тіліне оқыту
(терминологияны параллельді жүйелендіру мен бекіту);
- оқытушылардың қазіргі заманғы әлемде ақпараттық
технологиялардың рөлі
мен орнын оқушыларға түсіндіруге қосымша мүмкіндік беру.
Білім беруді ақпараттандыру саласында оқыту мазмұнындағы бірінші кезектегі
орындардың бірін білім берудегі ақпараттық және телекомуникациялық
технологияларды орынды, дәл және тиімді қолдана алады.
Егер
ақпараттық
технологияларды
қолдану
білім
беру
жүйесінің
қажеттіліктеріне нақты жауап беретін болса, онда ақпараттық құралдардың көмегінсіз
оқыту мүмкін емес және қиын болса, тек осы жағдайда ақпараттық технологияларды
қолдану орынды болады және оқытуда тиімділіктің жоғарылауына алып келеді.
Оқытушыларды дайындау жүйесіндегі оқу үдерісіне (процес) қатысты, сондай-ақ
оқытушы қызметтерінің басқа саласына қатысты анықталатын бірнеше шарттар
тобымен таныса кету қажет.
Бірінші топқа оқушылардың белгілі білім жүйесін қалыптастырумен
байланысты қажеттіліктерді жатқызуға болады. Мұндай қажеттіліктер бірнеше пәннің
мазмұнымен қатар танысқанда, пәнаралық сипаты бар сабақтарды өткізу барысында
туындайды. Сонымен қатар олар микро және макроәлемдер элементтерін оқығанда,
сондай-ақ дәстүрлі оқытуда табылмайтын бірқатар түсініктерді, теориялар мен
заңдылықтарды оқу қажет болғанда туындайды.
Екінші топтың қажеттіліктері оқушылардың
репродуктивті іскерліктерді
меңгеру қажеттіліктерімен анықталады. Бұл топтың қажеттіліктері есептеу, есептеудің
нәтижелерін өңдеу, тексеру жағдайларында туындайды. Мұнымен қоса, екінші топтың
қажеттіліктері әр пән бойынша типтік біліктіліктерді өңдеу және жалпы білімдік
біліктіліктерді (жалпы педагогикалық-жүйелендіру және классификациялау, талдау
және синтездеу, тәжірибені рефлексивті жоспарлай білу, ақпаратты жинау және
талдауды жүзеге асыру) қалыптастыру барысында туындайды.
Үшінші топтың қажеттіліктері оқушылардың шығармашылық шеберліктерін
қалыптастырумен анықталады. Мұндай қажеттіліктер бірнеше мүмкін шешімдердің
ішінен біреуін таңдауға болатын оңтайландырылған
міндеттерді шешу кезінде, ең
үнемді шешімді немесе үдерістің (процесс) жүрісі барысында аса ұтымды шешімді
қабылдау кезінде туындайды. Бұл топтың қажеттіліктері берілген гипотезаларды
тексеруде есептің шешу мен қойылымы барысында, конструктивтік-комбинаторлық
шығармашылық шеберліктерін дамыту қажеттілігі барысында туындайды. Сонымен
қатар бұған үрдістерді (процесс) модельдеу қажеттілігінен шығатын немесе оқушыға
үдерістер (процесс) мен оқиғалардың өтуіне әсер ететін факторлар туралы тұжырым
жасауына мүмкіндік береді. Ең аяғы, нақты оқу орнына қол жетпейтін, жүргізу
барысында құралдарды қажет ететін зертханалық тәжірибелер барысында туындайтын
қажеттіліктерді де жатқызуға болады. Мұндай зертханалық тәжірибе педагогикалық
өлшемдер аясында жүргізілуі мүмкін және сонымен қоса ақпараттық және
телекомуникациялық технологиялардың қажеттілігін өз атынан еліктіруі мүмкін.
Төртінші топтың қажеттіліктері
оқушыны тәрбиелеу, оқушыларда белгілі бір
тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру қажеттілігімен байланысты. Төртінші топқа
жататын қажеттіліктер әлеуметтік, экологиялық және басқа да мәселелерді шешу
арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін құратын модельдеуді
ұйымдастыру үшін туындайды. Сонымен қатар, білім беруді ақпараттандыру
құралдарын қолданудың қажеттіліктері оқушыларда басқа адамдарға,
өзіне және өз
ағзасына қатысты жауапкершілік сезімді қалыптастыру үшін туындауы мүмкін.
Жоғарыда
аталған
қажеттіліктермен
қатар,
ақпараттық
және
телекомуникациялық технологияларды орынды және тиімді қолдану үшін
оқытушыларға электрондық басылымдар мен ресурстарды қолданудың, білімді
ақпараттандырудың негізгі жағымды аспектілерін білуі қажет. Ондай аспектілерді
білу мұғалімдерге оқушылардың жұмысының қазіргі заманғы ақпараттандыру
құралдарымен байланысты кері жағдайларды азайтуға және артықшылықтарды
көбейтуге әкелетін ақпараттандыруды қолдануға көмектеседі. Оқытушылар
дайындығының сипатталған жүйесіне ақпараттандыру құралдарын қолданудың
мүмкін болатын кері салдарымен танысу қосылуы қажет.
Келтірілген факторлар бір жағынан, білім беруді ақпараттандыру саласындағы
педагогикалық кадырларды дайындау және қайта дайындау қажеттілігін айғақтайды.
Екінші жағынан, келтірілген мәселелер оқушыларды «көп болса, жақсы болады» деген
ұстаным бойынша білім беруде Ақпараттық-қатынастық технологиялардың
құралдарын қолдану жалпы орта білім беру жүйесінің тиімділігін жоғарылатуға
әкелмейді. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдануда өлшенген
және нақты дәлелденген әдістеме қажет.
Осылайша, кәсіптік қызметте ақпараттық-қатынастық технологиялардың
құралдарын тиімді және дәйекті қолдану үшін оқытушылардың дайындығының
мазмұнына келесі компоненттер мен тақырыптар кіруі қажет:
1. Қазіргі заманғы ақпараттық және телекомуникациялық технологиялар және
оларды білім беруде қолдану. Білім беруді ақпараттандырудың жағымды жақтары.
Білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолданудың мақсаттылығы мен тиімділігі.
Білім беруді ақпараттандыру және қоғам өмірі.
2. Білім беруде қолданылатын аудиовизуальдық және техникалық құралдардың
түрлері. Компьютерлер және олардың түрлері. Перифириялық құрылғылар.
Мультимедиа технологиялары мен құралдары. Білім беруде пайдаланылатын
телекомуникациялық құралдар.
3. Ақпаратты сақтау және ұсыну технологиялары. Ақпараттық модельдеу
технологиялары. Ақпаратты тасымалдау технологиялары. Оқыту құралы ретіндегі
компьютерлік желілер ресурсы.
4. Оқу үдерісіндегі (процесс) ақпараттық және телекомуникациялық
технологиялар. Білім беруде пайдаланылатын ақпараттық және қатынастық құралдары
сапасын бағалау әдістері. Күндізгі және қашықтық оқытудағы ақпараттандыру
технологиялары. Білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолдану негізінде
оқытудың саралануы мен жекеленуі.
5. Басқаруды ақпараттандыру және оқыту нәтижелерін өлшеу. Оқудан тыс
қызметтерді ақпараттандыру. Ғылыми және әдістемелік зерттеулерді ақпараттандыру.
6.
Оқу
орнының
ұйымдастырушылық-басқарушылық
қызметтерін
ақпараттандыру. Ақпараттық технологиялар және ата-аналармен жұмыс жасау.
7. Ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыратын факторлар жүйесі.
Ақпараттық білім беру кеңістігі ақпараттық білім беру ортасының жүйесі ретінде.
Қорытындылай келе, білім беруді ақпараттандыруда оқытушыларды оқытуда
басты бағыт техникалық және компьютерлік
құралдармен технологиялық
аспектілермен жұмыс жасап оқытудан білім беретін электронды басылымдар мен
ресурстарды таңдау және орынды қолдануға, дұрыс мазмұнды қалыптастырып
оқытуға өту қажет. Қазіргі заманғы оқытушы педагогикалық оқу орындарында
оқытылып жатқан, информатика курсының мазмұнына кіретін, ақпараттық және
телекомуникациялық технологиялар саласындағы білімдерді иеленумен ғана емес,