Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары: Болмыс категориясы, оның мән-мағынасы, ерекшелік сипаты.
Болмыстың негізгі формалары және олардың диалектикасы.
Дуализм және монизм. Субстанция түсінігінің методологиялық маңызы.
Материя категориясы, оның тарихи жетілуі.
Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдарындағы қозғалыс, кеңістік, уақыт түсініктері.
№ 5 дәріс
Таным және шығармашылық Таным - шындықты бейнелеу. Танымның субьектісі мен обьектісі.
Білім құрылымы. Сезімдік жөне рационалдық таным.
Философиядағы ақиқат мәселесі. Ақиқаттың обьективтігі. Абсолюттік және салыстармалыақиқат диалектикасы. Ақиқат өлшемі.
Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм. Милет ойшылдарының натурфилософиясы және Скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмның скептицизмі. И.Канттың классикалық агностицизмі. Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясындағы оның маңызы. К.Ясперстің «Мен - адамилық деңгейлердің концепциясы», К.Поппердің «субъектсіз» эпистемологиясы.
Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Қазіргі Қазақстан жаңғыруы аясындағы білім культі. Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері. Сезімдік және
рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық
1
дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция.
Таным екі жақтың бірлігінде беріледі, сезімдік және рационалдық, олардың әр қайсысын сипаттай отырып, олардың да өз құрылымы бар екенін көреміз.
Сезімдік таным адамды сыртқы дүниемен байланыстырады, қоршаған ортаның заттар мен құбылыстары туралы көрнекті түсінік береді, әр алуан жеке түрлі функционалдық шындықта бағыт таңдауға мүмкіндік береді . Сезімдік таным өте ежелгі таным түрі, ол негізінен адамды қоршаған шындыққа шығатын бірден- бір маңызды жол, сезімдік танымның үш түрі бар: түйсік, қабылдау, елестеу. Біріншісі қарапайым сезімдік әсерлерді береді, ол заттардың тек тек бір қасиеттері мен сапасын бейнелейді, екіншісі - өте күрделі бейне, түйсіктің негізінде пайда болған, заттың жеке қасиетін ғана емес, олардың жиынтығын, бүтіндігін бейнелейді; үшіншісі - бұл да шындықтың толық сезімдік бейнесі, бірақ ол тікелей қабылдамайды, ес арқылы қайта көрінеді.
Рационалдық таным (логикалық ойлау, абстрактілік ойлау) - бұл екінші, танымның жоғарғы сатысы. Ол сезімдік танымның нәтижесіне сүйенеді, бірақ өзі көрнектілікті қажет етпейді, шындық пен тікелей байланыста болмайды және синтездік қортылған білім береді, бұларсыз адам қызметі тиянақты болмайды. Рационалдық таным да үш түрде болады: ұғым, пікір ой қорыту. Біріншісі ой түрінде, заттар мен құбылыстардың ең жалпы маңызды жақтарын, сапасын, байланысы мен қатынасын бейнелейді, екіншісі ойды жеткізу үшін түрлі ұғымдар арасындағы қатынасты белгілеп анықтайды, қандай да болсын бір зат жайында бір нәрсені мақұлдайды немесе теріске шығарады; үшіншісі, пікірдің ерекше түрі, оның арқасында бір немесе бірнеше пікірден (алғышарттан) туатын, біздің білімді қорытындылайтын жаңа пікір ( ой қорыту) туады.