Аналогты-сандық түрлендіргіш. Өлшенетін сигналдың дискретті аналогты мәндерін компьютерде өңдеу үшін оны сандық түрде берілуі тиіс, яғни, СА түрлендіргіш арқылы жасаймыз. САТ екі тәсіл арқылы жұмыс жасайды – параллельдік салыстыру және адымдық жақындау (аппроксимация).САТ та салыстыру тәсілімен жұмыс істеу (comparation), кіріс мәні кернеудің түрлі деңгейлерінде салыстырылады, ол негізі кернеуден және каскад кедергісі арқылы орындалады (сурет.2.9). Әр салыстыру сұлбаларында – компараторда 0 немесе 1 беріледі. Компратордың әр шығысы соңынан екілік код түрленеді. Мұндай САТ тез әрі жылдам әрекет етеді, бірақ компораторды қолданған себептен ол қымбаттау болады. АСТ адымдап жақындау принципі бойынша жұмыс істесе, ол САТ негізінде құрастырылған. Кіріс сигнал диапазоны 2n –1 интервалдарға бөлінген, мұндағы n –шығыс көздегі бит саны. Есептеуіш жылдам осы сандардың тізбегін басқарады, олар бірден аналогты мәнге түрленеді. Есептеуіш шығысты САТ – тағы шығыс және кіріс аналогты мәндерінің кернеулері рұқсат етілген қабілеттіліктен төмендегенінше ұлғайта береді.
Аналогты кірістердің шығыс ұяшықтарында сандық шығыстарда жұмыс жасайтындай тартқыш резисторлары бар. Осы резисторларды қосу үшін келесі команда орындалады:
digitalWrite(14, HIGH); әзірге шығыс ұяшықтары кіріс порттары ретінде қолданылып тұр. Резисторды қосқан кезде басқа датчиктерді пайдаланған analogRead() функциясының хабарлайтын мәндеріне әсер етеді. Пайдаланушылардың көпшілігі тартқыш резисторларды аналогтық кірістерді оның сандық режиміне шығару кезінде пайдаланады.
Ендік-импульстік молуляция немесе қысқышы ЕИМ дегеніміз сандық құрылғылар көмегімен түрлі аналогтық мәндерді шығаратын операция. Құрылғы үнемі жоғарғы және ең төменгі мөлшерлер арасындағы ауысатын тікбұрышты сигнал - құрылғылар импульсінің сигналдарын алу үшін пайдаланылады. Бұл сигнал ең жоғарғы 5В және ең төменгі 0В арасындағы кернеуді модельдей отырып, 5В ті 0В ке салыстырмалы түрде қосылу жылдамдығын өзгертіп отырады.Ең жоғарғы өлщемнің қосылу жылдамдығы импульстің ені деп аталады. Әр-түрлі аналогтық мәндерді алу барысында импульстің ені өзгеріп отырады. Тез-тез қосып-өшірудің жылдам өзгеруі кезінде светодиотқа үзіліссіз 0 және 5 В арасындағы сигналды беріп біз светодиоттың жарықтығын басқара аламыз.
Желілік цифрлық сигнал (ЖЦС), байланыс желісімен өткенде әр түрлі бөгеуілдер мен бұрмалануларға ұшырайды, бұл өз кезегінде импульстердің формаларының деформациясына және ұзақтықтарының өзгеруіне, амплитудаларының кішіреюіне, кездейсоқ уақыттық жылжуларға және синалдың бөгелуіне әкеледі.
Символ аралық бұрмалануларды төмендету мақсатында ЖЦС импульсінің формасының алдыңғы және артқы фронттары баяу болады, бұл желілі тракттың жиілік жолағын шектеуден пайда болатын, өтімді процесстердің минималды болуын қамтамасыз етеді.
ЖЦС аталған деформацияларын азайту немесе жою үшін желілі трактта белгілі бір аралық сайын желілі регенераторлар (ЖР) орналастырылады, олардың мақсаты: сигналдарды күшейту; тұрақты және айнымалы амплитудалы – жиіліктік бұрмаланулардың коррекциясы; ЖЦС импульстарының амплитудасын, формасын және ұзақтығын және көрші символдар арасындағы уақыттық қатынасын қалпына келтіреді. Бұл процесс цифрлық сигналдың регенерациясы деп аталады және байланыс желісінің телімімен – регенерациялық телім РТ өткен сигналды бұрмаланулардан және бөгеуілдерден. ЖЦС регенерация процессі бұрмаланулар фонында берілген символдарды анықтауда, анықталған символдарға сәйкес импульстардың және пробелдердің формасын, амплитудасын және уақыттық орналасуын қалпына келтіруде және оларды келесі регенерациялық телім кірісіне беруде негізделеді. ЖЦС символдарын анықтау бір еселі санау әдісімен іске асады, бұл әдіс регенерациялынатын сигнал амплитудасын анықтау мезетіндегі эталондық табалдырықтық деңгеймен салыстыруда негізделеді, анықтау мезеті априорлы түрде дәл анықтаудың ең үлкен ықтималдығына сәйкес келеді. Егер анықтау мезетінде сигнал деңгейі анықтау табалдырығынан асса, онда регенератор кірісіне импульс (бір) түсуі туралы шешім қабылданады, егер аспаса, пробел (ноль) шешім қабылданады. Оң полярлықты символды анықтау процессінде регенерацияланатын сигнал оң табалдыырықтық кернеумен (тоқпен) салыстыралады, ал теріс полярлықты сигнал – теріс полярлықты кернеумен (тоқпен) салыстырылады.