Дәріс 8. Тақырыбы: Компьютер қалай жұмыс істейді және бағдарламаның не үшін қажет. Дербес компьютердің (ДК) құрылымы, құрамы және негізгі моделдері.
«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш , есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.
Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер XX ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.
Бірақ, компьютерлер кез келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.
Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.
Дербес компьютер- әмбебап (универсальный) техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (жабдықтың құрамын) қажеттілікке қарай икемділікпен өзгертуге болады. Сөйтсе де, типтік деп саналатын базалық конфигурация ұғымы бар. Компьютер типтік толық жинағы төрт конструктивтік блоктан тұрады: жүйелік блок, дисплей. пернетақта және (тышқан-тетік) қитұрқысы (манипулятор мышь)
Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды компоненттері орналасақан негізгі торапты (узел) білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды компоненттер:
Компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);
Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты тоқтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы;
Икемді магниттік дискіге (дисктетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискінің жинақтаушысы (немесе дискжетек-дисковод);
Алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы.
Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сырттан қосылатын құрылғы сыртқы құрылғы деп аталады. Деректерді енгізетін, шығаратын және ұзақ уақытқа сақтайтын сыртқы қосымша құрлығы, сонымен қатар, шалғай (периферийное) құрылғы деп аталады.
Жүйелік блогы сыртқы түрі бойынша корпустың формасымен айрықшаланады. Дербес компьютердің корпусын деңгейлік (горизонталь) және сатылас (вертикал) етіп щығарады. Сатылас етіп жасалған корпус габарит бойынша ажыратылып көрсетіледі: көп мөлшерлі, орта мөлшерлі және аз мөлшерлі. Деңгейлес етіп жасалған корпустардың ішінен тегістері және ерекше тегістері бөліп көрсетіледі.
Корпус үшін формалардан басқа факторлар пішіні (формфактор) деп аталатын параметрлердің де маңызы зор. Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметрлерге байланысты болады. Бүгінгі күні негізінен екі факторлар пішініндегі (форм-фактор) корпустар пайдаланылады: АТ, АТХ. Корпустың факңторларық пішіні аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі (жүйелік) тақщасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде келісімде (үйлесімді) болуы керек.
Дисплей (манитор) –деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады.
Оның негізгі тұтыну параметрлері- экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.
Монитордың мөлшері диогонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі –дюйм. Қазіргі таңда 9 дан 42 дюймге дейінгі (23 тен 107 см. ге дейін) экранды мониторлар шығарылады.
Стандартты мөлшерлері 14,15,17,19,20,21. Бүгінгі таңда 15 және 17,19,21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап (универсальный) мониторлар болып табылады.
Монитор экрандағы кескін ваккумдық колбаға тығындалған, өткір бағытталған электрондар шоғырын люминофорлық жабуды сәулеге түсіру, яғни сәуле арқылы қарап байқау нәтижесінде пайда болады. Түрлі-түрлі кескінді алу үшін люминофорлық жабу қызыл, жасыл және көк түсті боп жанатын үш тұрпатты (типті) жолаққа немесе нүктелерге ие болады. Барлық үш сәуле экранда бір нүктеге тоғысып, анық көрінуі үшін люминаформдық алдына ұдайы саңылау қалдырылатын қалқ а-панельін қояды (перед люминаформом ставят маску-панель с регулярно расположенными отверстиями или щелями). Монитордың бір бөлігі вертикальдық сыммен (проволочек) жарықтандырылған, бұл кескіннің анық та қанық әрі жарық болуын күшейтеді. Саңылаулар (отверстия) арасындағы (қалқа қадамы-шаг маски) қадам неғұрлым қысқа болса, кескін соғұрлым дәл әрі нақты болады. Қолқа қадамы миллиметр үлгісімен өлшенеді. Қазіргі уақытта 0,25-0.27 мм. Қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |