Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар. Ақпараттық жүйелер теориясының негізгі ұғымдары. Кіріспе



бет24/59
Дата27.04.2022
өлшемі135,13 Kb.
#141059
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций

Өлшеу түрлендіргіштері – бақылаушының тікелей қабылдауына берілмейтін өлшеу ақпаратының сигналын тарату, одан әрі түрлендіру, өңдеу және (немесе) сақтау үшін ыңғайлы түрде беру үшін тағайындалған ӨҚ. Өлшеу түрлендіргіштері мынадай болады: біріншіреттік және екіншіреттік; аралық және беріліс жасайтын.
Дискретті хабарды, сигналды түрлендіру әдетте екі операциямен іске асады - кодтау және модуляциялау. Кодтау деп хабарды кодты символдар (таңба) тізіміне түрлендіру, ал модуляциялау - символдарды (таңба) арна бойымен тарату үшін қолайлы сигналдарға түрлендіру. Кодтау және модуляциялау көмегімен хабар көзі арнамен келістіріледі. Кодтау кезінде хабар элементтерінің оған сәйкес тиісті сандарға (кодтық таңбаларға) түрлендіру процессі жүреді. Әрбір хабар элементіне кодтық комбинация деп аталатын кодтық таңбалардың белгілі жиынтығы меншіктеледі. Дискретті хабарды бейнелейтін кодтық комбинациялар жиынтығы код деп аталады. Кодтау ережесі кодтық кесте ретінде бейнеледі. Онда кодталатын хабарларды алфавиті және оған сәйкес кодтық комбинацияларды кіргізеді. Көптеген мүмкін болатын кодтық таңбаларды кодтық алфавит деп атайды. Ал олардың саны - кодтың негізін құраушысы. Жалпы жағдайда – кодтың негізі кезінде хабардың элеметтерін кодтау ережелері т–ді есептеу жүйесінде түрлі сандарды жазу ережелеріне тұйықталады. Кодтық комбинацияны құрайтын- разрядтар санын кодтар разрядтылығы немесе комбинация ұзындығы деп атайды. Есептеу жүйесіне байланысты кодтау кезінде қолданатын, екілік және т –ді (екілік емес) кодтарды ажыратамыз.
Декодтау қабылданатын кодтық символдар бойынша хабарды қайта қалпына келтіруден тұрады. Кодтау және декодтауды іске асыратын құрылғыларды сәйкес кодер немесе декодер деп атайды. Олар логикалық құрылғылар (2.1 суретті қара) дискретті хабарлар жүйесінің құрылымдық сұлбасы бейнеленген, ал (2.2 суретті қара) дискретті хабарды сигналға түрлендіру процессі бейнеленген.

Сурет1. Дискретті хабарды сигналға түрлендіру процессі.
Қазіргі дискретті хабарларды тарату жүйелерінде салыстырмалы өзіндік құрылғылардың екі топтарын ерекшелеуге болады:
-кодектер;
-модемдер.
Кодектер дегеніміз хабарды кодқа (кодер) және кодты хабарға түрлендіретін құрылғыларды атайды. Модем дегеніміз кодты сигналға (модулятор) ал сигналды кодқа (демодулятор) түрлендіретін құрылғыны атайды. Арналы құрылғылар (жолақты күшейткіштер таратқыштың және қабылдағыштың, түзеткіштер және тағы сол сияқтылар) байланыс желісімен бірге үзіліссіз арнаны құрайды. Ал соңғысы модеммен бірге дискретті арнаны құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет