Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар. Ақпараттық жүйелер теориясының негізгі ұғымдары. Кіріспе


Дәріс 11. Тақырыбы: Бейне үдеткіштер. Жұмыс режимдері және сипаттамалары. Деректерді компьютерде сақтау. Икемді және қатты дискідегі жинағыштар



бет40/59
Дата27.04.2022
өлшемі135,13 Kb.
#141059
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций

Дәріс 11. Тақырыбы: Бейне үдеткіштер. Жұмыс режимдері және сипаттамалары. Деректерді компьютерде сақтау. Икемді және қатты дискідегі жинағыштар.
Қазіргі кезде портативті компьютерлерден (ноутбуктерден) қолданылатын сұйық кристалды мониторлар бар. Ағылш. liquid crystal display, LCD. Сұйық кристалды – бұл кейбір органикалық заттың ерекше жағдайы. Сұйық кристалдар өз құрамдарымен электр қысымы әрекетімен светооптикалық қасиеттерін өзгертуі мүмкін. Көптеген ЖК мониторлары екі шыны пластинаны арасына орналасқан сұйық кристалдан тұратын жұқа қабықшаны қолданады.
Сұйық кристалды мониторда люминофор емес, оған келетін тоқтың әсерімен өзінің түстік сипаттамаларымен өзгертетін миниатюрлі сұйық кристалды элемент жарқырайды. Бұл ғажайып – кристалдардың қабаты өте жіңішке болуы мүмкін – яғни, монитор қалыңдығы кішірейеді. Сұйық кристалды – мониторлар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті матрицалық мониторлар (ТҒТ) – ең сапалы және ең қымбаты. Пассивті матрица (DSTN)-дағы бейнелер ТҒТ-ға қарағанда күңгірт болады. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз. Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.
Сұйық кристал негізіндегі дисплей бликсіз, тегіс экран және электр энергиясын тұтыну қуаттылығы төмен (5Вт, электронды-сәулелі трубкасы бар монитор 100 Вт тұтынады). Сұйық кристал негізіндегі дисплейлердің 3 түрі болады: 
· Монохромды пассивті матрицамен; 
· Түрлі түсті пассивті матрицамен; 
· Түрлі түсті активті матрицамен.
Сұйық кристалл негізіндегі дисплейлерде поляризациялы фильтр, ол 2 түрлі жарық толқындарын құрады. Жарық толқыны сұйық кристалды ұяшықтан өтеді. Әр ұяшық өз түсіне ие. Сұйық кристалдар малекулаларға ұқсас сұйық тәрізді ағып қозғала алады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электр заряды әсерінен малекулалар өз бағытын өзгертеді. 
Пассивті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде ұяшықты электр заряды (қуаты) басқарады, ол экран матрицасындағы қатар мен бағандар ұяшықтарының орналасу негізінде транзистірлі үрді қуатының импульсіне сезімтал. 
Активті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде әр ұяшықтың жеке транзистірлі кілті болады. бұл бейненің жарық болуын қамтамасыз етеді (пассивті матрицасы бар дисплейлерге қарағанда, себебі әр ұяшық тұрақты электр қуатының әсерінде болады). Сәйкесінше, активті матрица электр энергиясын көп қолданады. Бұдан басқа, жеке транзистірлі кілттің болуы өндірісті күрделендіреді, ол өз алдына олардың бағасын көтереді.
Үшінші ең жаңа технология бар – плазменді. Бұл монитордағы бейнелерді тоқтың әсерімен өзінің түстерін өзгертетін плазма түрлендіреді. Плазменді дисплейлер әзірге үлкен өлшемді экрандарды дайындау үшін қолданылады. Плазменді мониторлар жұмысы төмен қысымды инертті газбен толтырылған, түтікше түрінде жасалған неонды лампалар жұмысына ұқсас.
Біздің көзімізге монитордың ыңғайлылығы өлшемі мен сапасына байланысты.
Біріншіден, монитор барынша денсаулық үшін қауіпсіз болуы керек. Екіншіден, монитор тек қауіпсіз емес, сонымен қатар пайдаланушыға сапалы көрініс ұсына отырып ыңғайлы жұмысты қамтамасыз етуі керек.
Мониторды таңдаған кезде, біріншіден қауіпсіздіктің негізгі стандарттарына сай келуі керек. Шын мәнінде, стандарттар саны көп, соның ішінде айта кететін үшеуі:
ТСО 92 – қазіргі кезде танымал швед стандарты.
ТСО 95/99 – жаңашыл, яғни ТСО 92-ге қарағанда жақсырақ.
Energy Star – бұл стандарттың денсаулыққа қатысы аз болғанмен, электрэнергиясын үнемдеуге қатысы көп.
Сәулелену деңгейін азайту мақсатында қазіргі компьютерлердің экранына қорғайтын экрандар немесе сақтаушы фильтрлер қояды, ең жақсысы жерге қосылған шыны пластиналарын пайдаланған жөн.
Монитор (дисплей) текстік және графиктік мәліметтер, визуалды көрсетуге арналған стандартты шығару құрылымы.
Қызмет принципіне байланысты монитор – электронды-сәулелік трубкалы мониторға және сұйық криссталдағы дисплейға бөлінеді.
Соңғы жылдары бейнелерді тану күнделіктің өмірде үлкен қолданыс табуда. Тілді және қолжазба мәтіндерін тану адамның компьютермен қарым-қатынасын едәуір жеңілдетеді, баспа мәтінді тану құжаттарды электронды формаға ауыстыруға көмектеседі. Белгісіз көптік түсінігі негіз болып табылады. Компьютерде көптік түсінігі қайталанбайтын бір типті элементтер жинағымен сипатталады. Әмбебап көптікке тапсырма шешіге арналған барлық мүмкін элементтерден тұрады, бос көптік бір-біреуінен де тұрмайды.
Тану міндетінің классикалық қойылымында (бірнеше ондық жыл ғана өмір сүрген ғылымды классикалық деп айту қисынсыз) әмбебап көптік бейне-бөлшектерге бөлінеді. Қандай да бір объект бейнесі оның жеке белгілері арқылы танылады. Әмбебап көптікте мәтінді тану жағдайында барлық мүмкін белгілер «Ы» бейнесіне-осы әріптің барлық мүмкін сызбаларына енеді, ал тану бағдарламасы әр әріптің сызба үлгілеріндегі аз жинақ негізінде енгізілген белгі қай әріптің сипатын айқындайтынын анықтаумен айналысады.
Элементті қандай да бір бейнеге жатқызу шешуші ереже деп аталады. Тағы да бір маңызды түсінік бұл – метрика, әмбебап көптік элементтері арасындағы қашықтықты анықтау әдісі. Бұл қашықтық қанша аз болса, біз танитын символдар, дыбыстар сонша ұқсас болады. Әдетте элементтер сан жинағы ретінде (ал басқаша қалай?), ал метрика – функция түрінде беріледі. Бейне ұсынысын таңдаудан және метриканы іске асырудан бағдарлама тиімді болады, түрлі метрикалы бір тану алгоритмі түрлі жиілілікпен қателесетін болады (қателесу құқығы тану бағдарламасына адамдарға сияқты тән құбылыс болып табылады).
Бейнелерді тану жұмысының принциптерін эталондарды көбейту әдісінің негізіндегі қарапайым алгоритм көрсетеді. Оның кіреберісінде оқытушы іріктеу – Ai- үлгілер жинағы әр Ai бейнеге, d метркиасы және танылатын объектінің өзі х. Метрика көмегімен х –тен әр оқытушы іріктеу элементіне дейінгі d қашықтықты өлшейміз де шартты қашықтықты d(х, Ai) табамыз, ол х –тен Ai элементтерінің біреуіне дейінгі арақашықтықпен сәйкес келеді. Х элементі барлығынан жақын бейнеге жатады.
Нақты алғанда бұл жағдайда әр сынып бойынша минимум қашықтықты табу және тағы бір минимум алу қажет. Қолмен ұстап көргісі келетіндер элементті түсінгісі келетіндер екі координатты, метрика ретінде Пифагор теоремасы бойынша қашықтықты көруі, бағдарлама жасауы қажет.
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискіден жедел жадыға көшіріліп, өңделгенсоң олар қайта сыртқы жадыға жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жүмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгетде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Компьютердің жедел жадысы көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі аркылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1 кб (1 килобайт) =1024 байт, Мб (1 мегабайт) =1024 кб, ал винчестер деп аталып жүрген катты дискіде, 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.
Әдетте ІВМ РС ХТ (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, ІВМ РС АТ үшін - 1Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1 -ден 16 Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді - жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.
Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жадысы бар, ол өзгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32 – 64 Кб шамасында. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді тоқ көзіне жалғаған кезде оны тексеріп, іске қосу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет