Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар. Ақпараттық жүйелер теориясының негізгі ұғымдары. Кіріспе


Дәріс 12. Тақырыбы: Ақпараттық жүйелердегі модельдер мен басқарулар. Ақпараттық модельдерді ұйымдастыруға қойылатын талаптар



бет43/59
Дата27.04.2022
өлшемі135,13 Kb.
#141059
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций

Дәріс 12. Тақырыбы: Ақпараттық жүйелердегі модельдер мен басқарулар. Ақпараттық модельдерді ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Ақпараттық модель (информационная модель; information model) – 1) басқару жүйесінде - автоматандырылған ӛңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін парамерлік ұсыну; 2) мәләметтер базасында – тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың ӛзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер емн олардың арасындағы қатынастарды маткматикалы қжәне программалық тәсілдермен ұсыну; ақпарыттақ құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау[1]. Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері смяқтыӛзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға – яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатын дай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрі «физикалық» тәсілдермен; қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі кӛмегімен жазылады.біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мыаслы, квадраттық теңдеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді.
Модель (фр. modele, ит. modello, лат. modulus - ӛлшем, үлгі) – бұл:
 Нақты объектінің қарапайымдандырылған нұсқасы;
 Заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті;
 Табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
 Жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық/ақпараттық аналогы;
 Анықталған шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;
 Модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа объект.
Ақпараттық модель – модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдеренің бірінде сипатталуы.
Модельдеу – бұл:
 Нақты бар объектілердің (заттар, құбылыстар, процесстер) модельдерін құру;
 Нақты объектіні қолайлы кӛшірмемен алмастыру;
 Таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу.
Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің ажырамас бӛлігі. Модельдеу - танымның негізгі әдістерінің бірі. Нақты қызметтердегі объект модельдері тӛмендегі жағдайларға пайдаланылады:
 Материалдық заттарды бейнелеу;
 Белгілі фактілерді түсіндіру;
 Болжамдар құру;
 Зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;
 Болжау;
 Басқару және т.с.с.
2. Модель белгілері Модельдер адам қызметінің таным, қатынас, практикалық қызмет сияқты сфераларында қолданылады. Адамды (модельдеу субъектсін):
 Модельдеу объектісінің сыртқы түрі;
 Модельдеу объектісінің құрылымы;
 Модельдеу объектісінің үлгісі қызықтыруы мүмкін.
Модельдің мақсаты мен шешуге тиісті мәселесі осы үш аспектінің бірін таңдауға ықпал етеді. Модельдің әрбір аспектісі қасиеттерінің жиынтығы арқылы айқындалады. Модельде объектінің барлық қасиеттері емес, тек қана модельдеу мақсаты тұрғысынан қажетті қасиеттері ғана бейнелейді. Модельдеудің әрбір аспектісі (түр, құрылым, үлгі) ӛзіндік қасиеттер құрамымен сипатталады. Объектінің белгілері сыртқы түрінің сипаттамасы ретінде кӛрсетіледі. Тілде бұл белгілер қызыл, сары, дӛңгелек, ұзын сияқты сын есімдермен ӛрнектеледі. Объектінің сыртқы түрі оны тану, ұзақ уақыт сақтау (фотография, портрет) үшін модельденеді. Объект құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығы айтылады. Құрылымды сипаттауда объектінің құрамдас элементтері мен олардың қасиеттері кӛрсетіледі. Тілде бұл элементтер мен байланыстар: электрон, протон, күш, (атом сипатталуындағы) энергетикалық деңгей сияқты зат есімдермен ӛрнектеледі.
Объект құрылымын модельдеу:  Оның кӛрнекі бейнесі;  Объект қасиеттерін оқып үйрену;  Байланыстық бейнелерді айқындау;  Объектінің тиянақтылығын оқып үйренуге қажет. Уақыт ағымына байланысты шығатын ӛзгерістер объект күйі деп аталады. Объект күйінің сипаттамасы оның сыртқы түрі мен құрылымының басқа объектілермен ӛзара әсерлерінің уақытқа байланысты нәтижесінің сипаттамасына келтіріледі. Тілде бұл сақтау, даму, айналу сияқты етістіктермен ӛрнектеледі. Объект күйін модельдеу:  Болжауға;  Басқа объектілермен байланыс орнатуға;  Басқаруға;  Техникалық құрылғыларды құрастыруға қажет. Объектілердің кейбір қасиеттерін сандық мән қабылдайтын шамалармен сипаттауға болады. Мысалы: масса, ұзындық ӛлшемдері бұл жағдайдағы қасиеттердің параметрлері деп аталады. 3. Модельдеу мақсаты Кез-келген практикалық қолданбалы есептердің шешілуі барлық уақытта зерттеумен, кейбір объектілерді (материалдық/ақпараттық) түрлендірумен, басқарумен байланысты. Демек, модельдеу мақсатының табиғаты екіжақты: бір жағынан зерттеу есебіне байланысты объективтілігі, қызығушылыққа, қызметтік мотивке тәуелді түзетілетініне байланысты субъективтілігі (2-сурет). 2-сурет. Модельдеу мақсатының модель субъектісіне және шешілетін есепке тәуелділігін кӛрсету схемасы Бір объект үшін бір субъектінің түрлі есептерді шешуіне және модельдеу мақсатына байланысты бірнеше модель құруы мүмкін (3-сурет). С у б ъ е к т Есеп Модельдеу мақсаты Объект МОДЕЛЬ ОӘК 042-18-12.1.55/3-2013 №1 басылым 18.09.2013ж 50 беттің 9-сі 3-сурет. Бір объектіге бір субъектінің бінеше модель құру мүмкіндігін кӛрсететін схема Бір ғана модельдеу есебі үшін бір объектінің түрлі субъектілерінің түрлі модельдер құруы мүмкін. Модельдің түрі және оның құрылуы субъектінің біліміне, тәжірибесіне, жеке қызығушылықтарына байланысты (4-сурет). 4-сурет. Бір объект үшін бір субъектінің бірнеше модель құру мүмкіндігін С у б ъ е к т Есеп 1 Модельдеу мақсаты 1 Модельдеу мақсаты 2 Есеп 2 Объект МОДЕЛЬ 1 МОДЕЛЬ 2 С у б ъ е к т С у б ъ е к т Модельдеу мақсаты 1 Модельдеу мақсаты 2 Объект Есеп МОДЕЛЬ 1 МОДЕЛЬ 2 ОӘК 042-18-12.1.55/3-2013 №1 басылым 18.09.2013ж 50 беттің 10-сі кӛрсететін схема Бір объектінің негізінде түрлі модельдеу мақсатына байланысты түрлі есептерді шешілетін субъектінің бірнеше модельдер құру мүмкіндігі бар. Модель түрін таңдау құру субъектісінің біліміне, тәжі
Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ақпарттық жабдықтау – бұл менеджер ақпараттық жүйесінде қолданылатын техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттық ауқымның үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы. Ақпараттық жабдықтауды жобалау- бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.
Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Математикалық жабдықтау – бұл ең озық есептеу техникасының көмегімен менеджер есеп ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдерінің жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Лингвистикалық жабдықтау – бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланылатын тілдік құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.
Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешендерінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын жүзеге асыратын программалр жиынтығы. Программалық жабдықтау математикалық жабдықтау негізінде жасалады және оның нақты «іскер» формасы болып табылады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнайы программалық жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпаратты өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын программалық жабдықтау бөлімі. Оған мына негізгі компоненттер кіреді: Операциялық жүйе, программалық өнім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет