Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) - компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.
Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.
Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Жүйелік БҚ-ға:
• операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі;
• бағдарламалау жүйелері;
• техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.
Операциялық жүйе (ОЖ) - бағдарламалардың ұйымдық жиынтығы, олардың мақсаты — компьютер жұмысын басқару. ОЖ-нің бұл бөлігі ақпаратты енгізудің, сақтаудың, өңдеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Бағдарламалау жүйесі — БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты - бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, сондай-ақ, оларды компьютер атқаратын бағдарламаларға түрлендіру. Бағдарламалау жүйесіне бағдарламалаудың әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар (компиляторлар немесе интерпретаторлар) жатады.
Техникалық және сервистік (ұйымдасқан) қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |